Басымыз айналып әрең жетеміз: Іс-сапарға жиі шығатын қазақ әншілері еліміздегі жолдардың нашар екенін айтты

Әнші қауымының жарты ғұмыры жолда өтеді. Сонымен еліміздің қай өңірінде сапасы сын көтермейтін нашар жолдар бар екен. Оны өнер иелерінің өздерінен сұрап көруді шештік.

Айқын

Жарқ-жұрқ еткен сахна. Жарқырап жүретін жұлдыздар. Оларға деген сан мыңдаған көрерменнің қошеметі. Алайда, жұлдыздардың өмірі сіз ойлағандай ертегідей әдемі емес, деп хабарлайды 31 арна. 

“Машинаға да байланысты. Машинаң жақсы болса, кез-келген жолдарда жүре бересің”, – дейді Айқын.

Әнші Айгүл Иманбаева жиі гастролдік сапарға шығады. Дегенмен, діттеген жеріне үнемі жайлы баратынына сену қиын. Ауыл-аймақтағы қиқы-шойқы жолдар әншінің әбден ығырын шығарыпты. Соның кесірінен концерттен де, талай ұшақтан да қалып қойған.

“Енді келмеймін мына жолға деген Шалқарымызға 10 рет 1000 рет келдік. Бірақ халықтың ықыласын қошеметін көргенде еркелеткенде бәрін ұмытып кетесің. Ол анық. Бірақ сондай кездестірдім”, – дейді Айгүл Иманбаева.

Айгүл Ақтөбе қаласына барған сапарын өмір бақи ұмытпайды. Себебі, ол жақтағы ішек-қарынды төңкеріп тастайтын ойық жолдар әлі күнге дейін жөнделетін түрі жоқ деген пікірде.

“Ақтөбе, Шалқар ауданы Шалқарға кетіп бара жатқанда біз он рет тоқтап, он рет дөңгелегіміз жарылып, басымыз айналып, ой шұңқырмен ішек-қарнымыз түсіп қала жаздағаны әлі есімде. Шіліктіде асфальт деген мүлдем жоқ”, – дейді әнші Айгүл Иманбаева.

Әнші жол азабын аз тартпапты. Нашар жолдардың кесірінен ұшақтан да қалып қоя жаздапты.

“Қызылордадан мынау Байқоңырдан келе жатқанда туу ұмытып қалдым ана жолдарды. Сол жерде де баллонымыз жарылып, самолеттен кешігіп әрең үлгергенбіз”, – дейді әнші Айгүл Иманбаева.

Ал «той патшасы» атанып кеткен әнші Заттыбек Көпбосынұлы ұзақ жолға көлікпен шықпайды. Ұшақпен ұшуды қалайды. Дегенмен, Шығыс Қазақстан облысына баратын күре жолдардың мүлдем қараусыз жатқаны әншінің жанына қатты батады екен.

“Кішкене қараусыздау жатқан аймақтар бар. Жол жөнінде мүлдем көңіл бөлмей жатқан Өскемен Семей арасындағы тас жолдар, соның аудандарына баратын тас жолдар. Содан кейін солтүстік жақтағы біраз жолдар бар”, – дейді әнші заттыбек Көпбосынұлы.

Құдайберген Бекіш те аймақтағы той-томалақ, кештерге шаршамай, ұшақпен ұшуды қалайды.

Әншінің Жамбыл обылысындағы тас жолдарға көңілі толмайды.Осыдан бірнеше жыл бұрын сапасыз жолдың кесірінен қатты ауырып қайтыпты.

“Енді ішіміз сілкініп, өліп қала жаздадым. Қалтырап, дірілдеп әрең дегенде жеттім”, – дейді әнші Құдайберген Бекіш.

Әділ мен Дана Сләмхандар да қиқы-жойқы жолдардан аз зардап шекпедік дейді.

“Көп гастролге шығып жүрген әншілердің біріміз ғой, өтірік айтпай-ақ қояйын, бүкіл Қазақстанның бармаған жеріміз жоқ. Барып жүрміз. Сол есімізде қалғаны сол. Атыраудан Құрманғазы ауданынан бардық, өте жаман болған. Ол жаққа көктем кезінде бардық, балшық. Жолдың шетімен жүреміз деп жолдың шетіне шығып кетіп, машинамыз қиғашынан кетіп, балшыққа батып артынан итеріп дегендей концертке жету үшін енді итердік”, – дейді әнші Әділ Сләмхан.

Әнші Айқын Төлепберген де бетпақдаланың жолын біраз аралаған сияқты.

“Оралға Атырауға баратын болсаңыздар кішкене қиындау. Содан кейін Жезқазғанмен Астана арасындағы жолды жасаса және Жезқазған мен Қызылорданы қосса өте жақсы болар еді. Жезқазғаннан Шымкентке жету үшін Астанаға барып, одан кейін ұшу керексің. Қиын”, – дейді әнші Айқын Төлепберген.

Яғни, әншілер бармаған аймақ кемде-кем. Бірақ, қазақ даласының аспанында жұлдыздар жарқырап тұрғанымен, даланы қым-қиғаш кесіп жатқан жолдардың жұлдызы жамбай тұр.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте 40 немересі бар ерлі-зайыпты екінші рет үйленді (фото)

Жанар Дұғалова жақында тұрмысқа шығатынын айтты (видео)

Ақбота-Нұр Қуандық Рахыммен ән айтқан кезде не себепті сахнада дауыстап күлгенін айтты

Ақбота-Нұр: Біреудің тоқалы болғаным да жетеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар