Ақбота-Нұр Қуандық Рахыммен ән айтқан кезде не себепті сахнада дауыстап күлгенін айтты

Әнші Қуандық Рахым мен арадағы байланысы мен іс-сапар кезінде болған қызықты жайтты баяндап берді, деп хабарлайды stan.kz.

Ақбота-Нұр

Бұған дейін Қуандық Рахыммен ән айтқан Ақбота сахнада дауыстап күліп, елді өзіне қаратқан еді. Бұл оқиға желіде қызу талқыланды. Әнші сол кездегі өз әрекетін енді түсіндірді.

“Мен баламмен бірге іс-сапарда жүріп, ауырып қалдым. Қуандық барлық әнді жанды дауыста айтатындықтан мен де жанды дауыспен айттым. Бірақ тамағым қатты ауырды. Сахнада ән айтып жатқанымда жөтел қысты. Сосын қақырық келе бастады. Ұят болса да айтайын, қақырықты не әрі, не бері өткізе алмай қалдым. Сол үшін күліп жібедім. Арасында жөтеліп те алдым”, – дейді әнші.

Ақбота Қуандықпен жай ғана әріптес екенін еске салды.

“Көпшілік бірге жүрген адаммен қосып тастайды.  Бірақ мен Қуандықпен тек достық, әріптестік қатынастамын”, – дейді Ақбота.

Тағы да оқыңыз:

Ақбота-Нұр: Біреудің тоқалы болғаным да жетеді

Ақбота Керімбекова: Бұйырса келін аламыз, ұлымның сүйікті қызы үйге келіп шаруаға көмектесіп тұрады

Ақбота: Мен қымбат көйлек киіп, гауһар тақпайтын себебім – бар табысымды балаларыма саламын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар