Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баспана бағасы алда тағы арзандай бермек

Жылжымайтын мүлікті саудалаушылар, тіпті жыл соңына қарай оның құны теңге сынды  құлдырап кететінін айтуда

111111

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Биылдан бастап үй салушылар арасында «клиент» үшін нағыз талас басталады деп отыр мамандар. Бұл бірінші кезекте, доллар бағамына тікелей байланысты. АҚШ ақшасының құны көтерілген сайын, пәтер құны төмендейді дейді сарапшылар. Ал сол доллардың алыс-берісіне қатысты дәліз алдағы айдан бастап 6 теңгеге өскелі отыр.

Доллар шарықтағалы жылжымайтын мүлік нарығында сатушылардың емес, керісінше сатып алушылардың дәурені орнаған. Баспананы бұрынғы бағамен өткізе алмасын білгендер оны біраз арзандатып, тіпті құрылысы кеше аяқталған үйдің өзін түрлі жеңілдіктермен қызықтырып беріп жатыр.

«Құрылыс компаниялары арасында қазір нағыз «клиент» үшін талас басталған. Сатып алушыларды тарту мақсатында түрлі акциялар жариялап, тіпті бөліп төлеуге де ұсынысты көбейтіп жатыр», – дейді  Қазақстан риэлторлар қауымдастығының вице-президенті Нина Лукьяненко.

«Клиент» үшін таластың көкесі жыл соңына қарай басталады деп отыр сарапшылар. Сонда баға тағы арзандай түсіп, таңдау мүмкіндігі кеңейеді екен. Тек теңгенің құнсыздана түсуі салдарынан, тұрғын үйдің құны бұдан қолжетімді бола қояды деп айту қиын. Өйткені, доллармен баға түскенімен, теңгемен шақққандағы есебі әлі сол қалпында. Оның үстіне, сол АҚШ ақшасын сату-сатып алу дәлізі ақпан айынан бастап бақандай 6 теңгеге арта түспекші. Тәлкекке түскен теңгеге бұдан келер пайда жоқ дейді сарапшылар.

Сарапшы Меруерт Махмұтованың айтуынша, теңгенің болашағы жалпы билікке байланысты.  «Бізде ішкі өндіріс болса, сонда Қазақстан бюджеті, Қазақстан жалпы ішкі өнімі мұнайға ғана байланып тұрмайды. Сонда ғана теңге тұрақты болады»,  -дейді ол.

Ал кеше ғана 343-ті көрсеткен АҚШ доллары тәулік өтпей тағы 6 теңгеге қымбаттап шыға келді. Ақша айырбастау орындары қазір оны 349-дан сатып жатыр.

Талқылау