Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура Мұратхан Тоқмәдидің адвокаттарын істен шеттетіп тастады

Бас прокуратураның бірнеше күн бұрын адвокаттар Джохар Өтебеков пен Әлімжан Оралбайды бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің пайдасына жұмыс істеуден аластатқаны белгілі болды.

2017091211343183038_439251

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Қазіргі кезде ведомсвааралық жедел-тергеу тобы Мұратхан Тоқмәдиге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194, 287 баптары бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Заңға сәйкес қорғаушының ақпаратты жариялауға құқығы жоқ. ҚКК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мәліметтері тек прокурордың рұқсатымен ғана жарияланады. Тергеу жүргізетін тұлға қорғаушыға мәліметтерді өзінің рұқсатынсыз жариялауға құқығы жоқ екенін ескертеді. Қорғаушылардан осындай жауапкершілік жүктелетінін айтып, қолхат алады. Алайда Оралбай мен Өтебеков мұндай міндетті өз мойнына алғысы келген жоқ», – делінген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінде.

Осыған байланысты Оралбай мен Өтебеков 29 және 31 тамызда қылмыстық-процессуалдық талаптарды орындамағаны үшін қылмыстық іске араласудан шеттетілген. Олар шеттетілгеннен кейін күдіктіні адвокат Сұлтанов қорғаған. Ал 7 қыркүйек күні Тоқмәди оның қызметінен бас тартады. Қазіргі кезде адвокат ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр.

“5 қыркүйек күні Тоқмәди прокурормен кінәсін мойындау туралы процессуалды келісімге өтініш білдірді. Оның өтінішін процессуалды прокурор қараған соң, шешім қабылданады. Қылмыстық істі Алматы қалалық прокуратурасы қарап жатыр”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Еске салсақ, күштік құрылым өкілдері дүйсенбі, 12 маусымда, Алматыдағы арнайы операция барысында Қазақстандағы ірі зауыт “ҚазШыныҚұрылыс” директоры Мұратхан Тоқмәдиді ұстады. Кейін оның қызы да оқиғаның қалай болғанын баяндап берген болатын.

Жәмила Айымбетова бұған дейін де ҰҚК ұстап әкеткен бизнесмен күйеуінің ісіне байланысты үндеу жолдаған еді.

Оқи отырыңыз:

Білім министрлігінің кезекті реформасы тағы дау туғызды

Елімізде бензиннің қымбаттауы жүргізушілерді көліктерін тастауға мәжбүрлеп жатыр

Павлодарда апалы-сіңлілі қыздарды қаққан жүргізуші судьядан жылап тұрып қамауға алмауын сұрады

Сәтпаевта парамен ұсталған лауазымды офицер тергеушілермен арпалысты

Талқылау