Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура: Әбілязовқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды

«БТА банкі» АҚ төрағсы Ержан Тәтішевті өлтірді деп күдіктелген Мұхтар Әбілязовқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Енді қылмыстық іс материалдарымен танысудың басталады, деп хабарлайды Stan.kz.

ұхтар Әбілязов

«2018 жылдың 17 тамызында Әбілязовтің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-тармағы, 96 бабының 2 тармағы «ж, з» тармақшалары бойынша сараланды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық-процестік кодексінің 294-бабына сәйкес, күдікті Әбілязов пен оның қорғаушыларына тергеу іс-қимылдары өндірісінің аяқталғанын және қылмыстық іс материалдарымен танысудың басталғанын хабарлайды», – делінген таратылған ақпаратта.

Бас прокуратураның мәліметінше, заңға сәйкес, күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша олар істің материалдарымен бірге немесе бөлек таныса алады. Іске қатысты кез келген мәліметті көшіріп алуға, құжаттардың көшірмелерін суретке түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға болады. Бұл тек мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерге қатысты емес.

Қылмыстық іс материалдарымен танысу 2018 жылғы 5 қыркүйек күні ҚРБас прокуратурасының өкілдік ғимаратында өтеді. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 145 үй.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «шыны королі» Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргенін мойындаған еді. Өз кезегінде ол Әблязовтың тапсырмасын орындағанын айтты. Ол биылғы жылдың наурыз айында 10 жарым жылға сотталды. Тоқмәди жазасын айрықша тәртіптегі түрмеде өтеп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау