Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас әскери прокуратура: Жамбыл облысында шекарашылардың қолынан қаза тапқан жігіт мал айдап өтпек болған

Қазір шекарашылар Ергешов пен Бөрібаевқа қатысты Қылмыстық Кодекстің «Қызметін асыра пайдаланып, қару қолдану арқылы ауыр жарақат салу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр,-деп жазды КТК арнасы.

шекккккк

Ал оқиғаның өзі өткен аптаның сенбі күні кешкі сағат сегіздер кезінде «Жасөркен» шекара бекеті тұсында болған. Сарбаздардың айтуынша, шамамен 20-ға жуық адам «тоқта» деген сөзді елемей, тікенек сымды қиып өткісі келіпті. Ескерту ретінде аспанға оқ атқан әскерилерге олар тас лақтырып қарсылық көрсеткен.

Тіпті, бірінің басын жарақаттаған. Осыдан соң шекарашылар амалсыз оларың өздеріне оқ жаудырып, біреуін бастан атып түсірген. Сол сәтте қалғандары оны көліктеріне салып, тайып тұрыпты. Қаза тапқан жігіт – Жамбыл облысындағы Жасөркен ауылының 1987 жылғы тумасы Еркін Әміртаев болып шықты.

Үйленген, екі қыздың әкесі екен. Қазір оның туыстарынан жауап алынып жатыр. Ал атыс болған аймақта қазір мүлгіген тыныштық. Дегенмен, Тараз шекара жасағы күшейтіліп, мұнда қосымша күштер тартылған.

Із суытқан өзге азаматтар облыс аумағынан іздестірілуде. Құзырлы орындар тергеу шараларының құпиялығына байланысты бұдан артық ақпарат таратпай отыр.

Оқи отырыңыз:

2 тәулікке 102 мың теңге: Нұрлан Әлімжан Астана әуежайының автотұрақ бағасын сынады (видео)

Зәулім үйінің алдында беташар өткізген Гүлзира Айдарбекова елді тәнті етті (видео)

Той қонақтарымен билеп кеткен “Жігіттерлік” Ердос халықты разы етті (видео)

Тұрсын Алагөзов Қазақстанда Ыстық көлдегідей “ертегі әлемін” тұрғызуды армандап жүр

Талқылау