Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барсакелместегі жылжымайтын уақыт жайлы оқиға жазушының әзілі болып шықты

Отыз жыл бұрын  енді жазушы атанып кележатқан алматылық  Серега Лукьяненко  достарымен айран мен арақ тойып алады, басқа тіске басарға ақшалары  жетпегендіктен осылай істеуге мәжбүр болыпты.  Жаңа ішімдікке тойып алған жігіттер  мәскеулік қонақты өзге планеталықтар жайлы ойдан шығарылған дүние  айтып алдайды.

баркел

Бұл туралы ЭкспресК басылымы жазған.

Лукьяненко достарымен біріге отырып Аралдағы Барсакелмес жайлы адам ойына сыймайтын дүние ойлап табады. Олар мәскеулікке ол жерде уақыт тоқтап тұратыны жайлы айтады. Олар сенгіш жігітке ұшатын тарелка мен алып су кесірткісі жайлы айтып береді. Жігіттер мұны сенімді ету мақсатында Әбдіразақ есімді қатал қойшының немересіне жазып кеткен хатын да сол жерде ойлап табады.

Жігіттердің жоспары жүзеге асып, мәскеулік ойдан құрастырылған әңгімеге сеніп қалады. Оның сенгені соншалық  «Комсомольская правда» басылымы мен «Техника – молодежи» журналына осы жайлы жазып береді.

Қазір Сергей Лукьяненко  Ресейдегі фантаст жазушылардың классигі болып есептелінеді.

Ол қазір өзінің жас кезде жіберген қателігіне өкінеді: « «Техника – молодежи» журналында  жазылған оқиға түгелдей ойдан құралған. Айыбымды мойындаймын»

 

Талқылау