Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарапайым дүние болып көрінетін мына 10 ұстаным кез-келген адамды бақытсыз етеді

Әр адам бақыт пен оған жету жолын түрліше түсінеді. Бірақ, бізге бақытты өмір сүруге кері әсерін тигізетін ортақ фактілер де бар.

Бұл туралы AdMe.ru басылымы жазды.

Бақытты болудың ең қарапайым тәсілі – үнемі күлімсіреп жүру.

10. Оятқыштың уақытын өзгерту

Ағзамыз оянғаннан кейін бірден іске кірісіп кете алмайды. Қайта-қайта ұйқыға кеткісі келіп тұрады. Сол себепті, біз жиі оятқыш уақытын алға жылжытып отырамыз. Нәтижесінде таңғы асымызды асығыс ішіп, киімімізді үтіктеп үлгермейміз. Осының салдарынан көңіл-күйіміз бұзылып, ашуға бой алдырамыз.

Кеңес: Таңертең жаттығу жасаған кезде үнемі бір ғана әуенді тыңдаңыз. Соны оятқыштың әуені ретінде қойып қойыңыз. Енді оятқыштың үні жағымсыз әсер сыйламайды. Мұнымен қатар, ұйқы трекерін қолдануыңызға болады. Ол таңертең өздігіңізден оянуға көмектеседі.

9. Жиі кешігу

Бір жерге кешігіп барған сәтіңізді еске алыңызшы. Денеңіз тітіркеніп, көлікті дұрыс жүргізуді білмейтін жүргізушілерге, үнемі қызыл көзі жанып тұратын бағдаршамдарға тап боласыз. Бұдан өзге өткізіп алған сабақ пен айыппұл үшін алаңдайсыз. Үй мен жұмыс арасындағы жол бір сағат уақытты алады делік. Аптасына үш рет кешіксеңіз, жылына 156 сағатыңызды жоғалтасыз. Яғни екі апта уақытыңыз толықтай күйзеліспен өтті десеңіз де болады.

Кеңес: “Нақтылық – патшалардың сыпайылығы” деген сөз бар. Сол себепті, өзіңіздің ғана емес, өзгенің де уақытын сыйлай біліңіз. Жоғарыдағы сөздерді XVIII ғасырда Людвик патша айтқан болатын.

8. Қажетсіз заттарды көптеп сатып алу

Өзімізді әрдайым кішігірім қуантып отырудың еш әбестігі жоқ. Бірақ, бұл жерде маркетолог мамандардың үлесі бар екенін де ұмытпаңыз. Нәтижесінде қажетсіз заттар сатып аламыз деп қалтамыз айтарлықтай жұқарып қалуы мүмкін. Өзіңіз қолданбайтын, қажетсіз косметика сынды заттарды алып, бағасын есептеп көріңіз. Қанша теңгеңіз желге ұшқан екен? Осы ақшаға шетелге қыдырып қайтуға болатын еді.

Кеңес: Желіде бірнеше жыл бойы қажетсіз заттар сатып алмауға тырысқан адамдар туралы видеоларды көрген шығарсыз. Бәлкім, сол адамдардың оқиғасы сізге шабыт сыйлар. Ақшаңызды барынша жинап, шетелге саяхаттағаныңыз жөн болар. Саяхаттаудың арқасында өзін бақытты сезінеді.

7. Барлық жерде үлгеруге тырысу

Танымал коучтар мен тренерлер адамдарды демалыссыз жұмыс істеуге шақырады. Олардың сөздерінен кейін челлендж, марафон, тренинг және презентацияларға жиі қатысамыз. Осындай алып мақсаттардың арқасында біз өміріміздегі майда қуаныштарға назар аударуды доғарамыз.

Кеңес: Өзіңізге бұл маған не үшін керек деген сауалды жиі қойыңыз. Осылайша өзіңізге шын мәнінде не керегін түсінесіз.

6. Әлеуметтік желіні күніне үш реттен артық тексеру

Ғалымдар әлеуметтік желідегі белсенді қолданушылардың өздерін өмірде бақытсыз сезінетінін дәлелдеген болатын. Бұған өзгелердің қуанышты сәттерін желіде көруі себепші екен. Оның үстіне сіздің күйеуіңіз құрылыста жүрген кезде, өзгелердің сүйіктісі ірі компанияларда жұмыс істеп жүргенін көресіз.

Кеңес. Әлеуметтік желідегі лентаны қарап отырып көптеген суреттің жалған немесе жасанды екенін ұмытпаңыз. Мұнымен қатар, көптеген адам фотошоп қолданғанды ұнатады.

5. Уақытты дұрыс пайдаланбау

Өз уақытымызды дұрыс пайдалана алмағандықтан, көптеген ісімізді кейінге шегеруімізге тура келеді. Кейде өзімізді кінәлі сезініп, шынайы қуана алмаймыз.

Кеңес: Жоспардағы жұмысты іске асыратын кезде, олардың қайсысы маңыздырақ екенін анықтап алыңыз. Балаға қарап жүріп үй тазалау сынды екі жұмысты өзара біріктіре біліңіздер. Жасағыңыз келмеген істерді таңертеңге жоспарлаңыздар.

4. Денсаулыққа зиянды тағамдарды таңдау

Зиянды тағамдар деп отырғанымыз фаст-фудтар мен дүкенде сатылып тұрған тәттілер. Ғалымдар мұндай тағамдарды тұтынатын адамдардың 51% жағдайда күйзеліске бейім келетіндерін айтады.

Кеңес: Егер денсаулыққа зиянды тағамдарды жеуге құмар болсаңыздар, оларды үйде өзіңіз әзірлеңіз. Сол кезде құрамында нақты не бар екенін біліп отыратын боласыз. Ал пиццаға тапсырыс берген кезде, салмасы азын таңдаңыз. Олар тез қорытылады.

3. Пайдасыз ойлардың жетегінде жүру

Өткен іске өкінудің қажеті жоқ. Оның пайдасы жоқ екенін өзіңіз де түсініп тұрған шығарсыз. Оның үстіне ғылым да мұндай адамдардың бақытсыз болатынын айтады. Тіл үйреніп, саяхаттаңыздар. Сол кезде ешбір қорқынышсыз өмір сүресіздер.

Кеңес: Жағымсыз ойлар баурап алған кезде “Осы ой менің болашағыма әсер ете ме?” деп ойлаңыз. Тіпті, болмаса сүйікті әуеніңізді тыңдап, саябақта қыдырып қайтыңыз.

2. Болжамдар құру

Кейде өзгелердің біз туралы не ойлайтынына шектен тыс мән береміз. Тіпті, мұның себебін іздеуге кірісіп кететін кездеріміз де болады. Нәтижесінде өзгелердің жауапкершілігін өзімізге артып қоямыз.

Кеңес: Біреудің өзіңіз туралы пікірін білгіңіз келсе, тікесінен сұраңыз. Бұл уақытыңызды үнемдеп, жүйке жүйеңіздің саулығын сақтап қалуға көмектседі.

1. Үнемі өзімізді кінәлі сезіну

Жауапкершілігі мол адамдар өздерін әр істе кінәлі сезінуге құмар. Кейде бұл сезімнің қажетсіз кездері болады. Ең бастысы, кінә бар жерде жазаның да бар екенін ұмытпаңыз.

Кеңес: Өзіңізді бір жерде дұрыс ұстамаған болсаңыз, бірден бұл туралы ашып айтып, кешірім сұраңыз. Интернет бетіндегі мақалалар мұндайда сирек көмектеседі. Сол себепті, психолог немесе психоаналитик мамандардың көмегіне жүгінгеніңіз жөн.


Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер қажетсіз анализ бен медициналық тексеру түрлерін атады

Белдегі майдан арылғыңыз келсе, мына қоспаны тұтыныңыз

Нью-Йорк косметологы үй жағдайында безеуді дұрыс сығудың жолын ұсынды

Бастың екіжүзділік салдарынан ауыратынын білесіз бе?

Талқылау