Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлық әншінің баласы беске бітіріпті": Салтанат Бақаева тұңғышының сабақ үлгерімі жайлы айтты

Салтанат Бақаева тұңғышының сабақ үлгерімі жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының суретімен бөлісіп, 1-сыныпты үздік аяқтағанын айтып мақтанды. Ұстаздарына алғыс білдіріп, ұлының жетістігіне қуанышты екенін жасырмады Салтанат Бақаева.

"Әмірім 1-сыныпты 5 деген бағаға бітірді. Ұстазымыз Шаруан апайға ризашылығымыз шексіз", - деп жазды Салтанат Бақаева.

Бұны көрген желідегі жұрттың бірі жағымды пікір қалдырып, жақсы тілектер айтса, енді бірі бағаны сатып алды, оқымаса да жақсы баға қойып береді, өнер иелерінің балаларының бәрі жақсы оқып кетті деп сөкті.

"Құтты болсын Салтанат. Әмір талабы мол, ақылды бала. Отбасыларыңа Алла бақ береке берсін", "Құтты болсын! Әмір ақылды, кішіпейіл, мейірімді бала. Осы баланы жақсы көремін. Тіл-көзден сақтасын аллам. Ата-анасының мақтанышы, бауырларының қамқоршысы болсын", "Беске оқымаса да, бесті қойып берсе таңқалмаймын", "Барлық әншінің баласы беске бітіріпті", - деп жазды желідегілер.

Талқылау