Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәрі кеңестік кезеңнен қалған қорқынышты күйде: Андрей Аршавин Қазақстан жайлы ойын айтты (видео)

Желіде Андрей Аршавиннің ресейлік блогер Евгений Савинге берген сұхбаты жарияланды. Футболшы сұхбат кезінде Қазақстан жайлы ойын айтып берді.

Қазақстанның “Қайрат” командасы атынан ойнап жүрген Ресейлік футболшы Андрей Аршавин Қазақстандағы футбол алаңдарында дайындығы қалай өтетіні жайлы баяндады. Спортшының айтуынша, “Қайрат” “Зениттен” техникалық есепте кем түспейді. Бірақ Қазақстандағы стадион алаңдары мен қалалары көңілінен шықпайды.

Айтуынша, көптеген футбол алаңдары кеңес кезінде салынған. Сол күйі әлі тұр. Кеңес Одағының спортшылары салынған алаңдар әлі бар.

“Алаңдар шынымен нашар күйде. Стадиондар кеңестік кезеңнен қалған. “Оқжетпесті” кеңестік кезден қалған деп айтуға әбден болады. Кеңестік кезеңдегі күйде қалған қалалар да бар. Алматы мен Астана дамыған, жаңартылған. Бірақ өзге қалалар ондай күйде емес”, – деді футболшы.

Ал қазақ тағамына қатысты айтар болсақ, футболшыға ұлттық  ет тағамы мүлде ұнамаған. Ол өте майлы саналады. Бірақ өзі базардан жиі жылқы етін сатып алады.

Андрейдің айтуынша, Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғанықтан мұнда ұлтаралық, діни алауыздық туындамайды. Бәрі өзін еркін сезінеді. Қазақ тілін білмесе де, еш қиындық жоқ. Ал қазақ ұлтын қу халық деп санайды.

11 қарашада Аршавин “Қайрат” сапында соңғы рет алаңға шығады. Осыдан соң Қазақстаннан кетеді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау