Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барак Обама қызметтен кеткен соң такси жүргізетінін айтты

Журналистердің сауалына жауап берген АҚШ президенті Барак Обама қызметтен кеткен соң немен айналысатыны туралы айтып берді.

trumpobama_vs

Фото: НТВ

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Ол бастапқыда журналист сұрағына “Uber(такси қызметі)” деп қысқа қайырған. Ол іле-шала “бір аптадай” ұйықтайтынын айтты.

“Егер әзілсіз қарайтын болсақ, онда біз жағдайы төмен жастардың мүмкіндігі туралы жұмысты жалғастыра береміз. Сондай жастардың жақсы білім алуы үшін жол ашамыз”, – деді Обама.

Обама елді 2009 жылдан бастап басқарды. Ол 2012 жылғы сайлау науқаны кезінде де екінші мерзімге еркін сайлана алды.

Еске сала кетсек, АҚШ-та өткен президент сайлауында 290 дауыс жинаған Дональд Трамп жеңіске жетті. Обама мен Трамп өзара кездесу өткізіп те үлгерді. Қазіргі президент жаңа президентке бар білгенін үйрететінін айтты.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев: Шет елдерге жасайтын іссапар кезінде күніне әрі кетсе 3-4 сағат ұйықтаймын

Ақтөбе әкімі жиналыста көзіне тығылған ұйқымен алысты (видео)

Луина: Мен ашық-шашық киіммен әдейі суретке түсемін

Ксения Собчак екіқабат күйінде жалаңаштанып суретке түсті

Талқылау