Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барак Обама: Америка полициясы қара нәсілділерді ақ нәсілділерге қарағанда екі есе көп өлтіреді

Америка полициясы ақ нәсілділерге қарағанда қара нәсілді адамдарды тапаншамен екі есе көп өлтіреді. Баяндама жасаған президент Барак Обама осылай деп мәлімдеді.

ba32b387-1dc5-4116-acba-7b27d4df8ee2

Сурет whitehouse.gov

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

“АҚШ-та афроамерикандықтарды тәртіп сақшылары ақ адамдарға қарағанда 30 пайызға көп тоқтатады. Қара нәсілді мен латынамерикалықтарды ақтарға қарағанда үш рет артық тінтіп тексереді. Тиісінше полицейлер ақ нәсілді азаматтарға қарағанда қара түсті адамдарды екі рет көп көздейді”, – деді ол.

Президент бұл мәліметтердің барлығы “көптеген зерттеулердің” нәтижесінде анықталғанын және бұл әрекеттердің бірнеше жыл бойы қатарынан жалғасып келе жатқанын айтты. Ол “барлық америкалықтар атыс жағдайына алаңдауы тиіс” деп есептейді.

Америка көшбасшысы журналистер алдында қара нәсілді адамды өлтірген полицей ісіне байланысты сөз сөйлеген болатын.

Сәрсенбі күні АҚШ-тың Миннесота штатында полицей 32 жастағы Филандо Кастилені өз көлігінің рөлінде отырған жерінен атқан. Сондай-ақ, көлікте әйелі мен баласы да болыпты. Кейінірек Кастиленің серігі болған әйел түсірген бейнежазба да пайда болды. Кадрде рөлде отырған ер адамнан қан ағып жатқаны байқалады.

Луизиана штатында да екі тәртіп сақшысы құрықтау кезінде 37 жастағы Элтон Стерлингті атып салған. Бұл оқиғаны да куәгерлер байқап қалыпты. Екі кісі өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырып, полицейлерге жаза қолдануды сұрады.

АҚШ президенті болса, америкалық полиция қатарында өзгерістердің өте жәй орын алып жатқанын айтады. “Полиция жүйесіндегі өзгерістер өте баяу жүруде. Біз бұған алаңдаушылық таныту керекпіз”, – деді ол.

Оқи отырыңыздар:

Барак Обама АҚШ заңынан “негр” деген сөзді алып тастады

Барак Обама танго биін билеп берді (видео)

Барак Обама комедиялық роликке түсті

Талқылау