Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барак Обама комедиялық роликке түсті

АҚШ президенті Барак Обама Өзінің Кубаға барған сапарында комедиялық роликке түсті. Оқиға желісі бойынша кубалық әртіс Луис Сильва «Касабланка» метеостансасына хабарласып, алайда қоңырауы кездейсоқ Ақүйге түсіп кетеді.

KMO_109188_00217_1_t218_155026

Сурет: www.kommersant.ru 

Телефонмен хабарласқан ер адам тұтқаны АҚШ президентінің  көтергеніне таң қалады. Зейнеткер ел президентіне кеденде кептелісте тұрып қалмас үшін көп киім алмау керектігін айтады. Сондай-ақ, ол президентті әуежайдан 1958 жылы шыққан «Шевроль» көлігімен немесе «Москвич» көлігімен күтіп ала алатынын айтып, ол көліктердің мүмкіндігін президенттің лимузиндерімен салыстырады. Тіпті, өз үйінде қонақ болып, төсегінің жартысына жатуына болатын да айта кетеді. Ал, көңіл көтергісі келсе домино ойнауды ұсынады.

Талқылау