Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бар үмітім ең бірінші мейірімді Аллада: Әнші Жігер Ауыпбаев інісіне ота жасалатынын айтты

Жігер Ауыпбаев жақын күндері туған інісіне ота жасалатынын айтты. Айтуынша, інісінің көру қабілетін нашар. Одан бөлек әнші інісінің де әншілік дарыны барын айтты.

Жанымда тұрған өзімнен кейінгі бауырым,тынысым,інім Алмас. Бір құрсақты жарып шыққан төрт қыз, екі ұл болсақ, сол екеуі фотода тұр. Алмастың өнерге деген құштарлығы өте жақсы. Туған-туыс,дос-жарандардың арасында Алмас гитарасын алып шырқағанда мен өтпей қаламын. Ән айтып қана қоймай ақындық қасиеті мен қоса компазиторлық қабілеті де бар. Бірақ көбі не үшін көзілдірік тағатынын сұрайды. Інімнің көзінің көру қабілеті төмен”, – деп жазды әнші парақшасында.

Айтуынша, інісінің көз жанары нашар. Оған жақынкүндері ота жасамақ. Ағасы отаның сәтті өтуін тілеп, үміттеніп отыр.

“Нақтырақ айтар болсам бір көзі -20,ал екінші көзін айтпай ақ қояйын. Бұйырса жақын арада інімнің көзіне операция жасатуға Стамбұл қаласына аттанғалы отырмыз. Көру қабілетін жақсартып береміз деп сөз берген дәрігерлерге алғысым шексіз. Бар үмітім ең бірінші Мейірімді Аллаға,одан кейін себепкер болатын дәрігерлерде болып тұр. Бәрі сәтті болып кетсе екен. Операциядан кейін бұйырса Алмас жеке шығармашылығына кірісіп, алғашқы қадамымен,жаңа тыныс,жаңа әндерімен сіздерді қуантадын болады”, – деп жазды әнші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар

Талқылау