Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқашта қонақтар купальникпен билеген әйелге бола пышақтасып қалды

Балқаш жағалауында купальник киіп би билеген әйелге бола оқыс оқиға орын алды. Оған, алдымен, әдепсіздігі үшін ескерту жасалған-ды. Артынша жағдай ушығып әйел үш қонақты пышақпен жарақаттаған.

пирппее

Бұл туралы “Криминальные новости” басылымы хабарлайды.

Балқаш жағалауында қонақтар 6 жасар қыздың туған күнін атап өтіп жатқан. Аталған мерекеге Айжан мен досы да шақырылған екен. Ішімдікке тойып алған әйел әдепсіз би билей бастаған. Ал өзге әйелдер оның бұл қылығына төзбейтіндерін байқатып, ұрыса бастайды. Әсіресе, үш баланың анасы Жанаргүл.

“Туған күн кезінде барлығы ішті. Тек мен аяғым ауыр болғандықтан ақ судан бас тарттым. Айжан купальникпен би билеп жатқан кезінде масайып қалған еді. Айналамыздағылар оның үстінен шағымдана бастады. Ал Айжан ұятсыз биін жалғастыра берді, әдепсіздік көрсетті. Басқа қонақтар менен оны тынышталдыруымды өтінді. Жанына жақындап “Бұлай билеуге болмайды” деп айттым. Ол маған құлақ аспады. Кейін мен қазақ үйдің ішіне кіріп, қызыма қарбыз бен қауын кесіп бермек болдым. Кенет сырттан кішкене қыздың айқайлағанын естіп қалдым. Айжан туған күн иесінің аяғын басып кеткен екен. Әлгі қыздың анасы мен Айжан жаға жыртысып жатты.

Басқа әйелдер киіз үйге жүгіріп кіріп, менен көмек сұрады. Ашуға булыққан Айжан менің балаларымның көзінше боғауыз сөздер айта бастады. “Әдепсіздік танытқанды доғар” деп айттым. Ал Мұсатаева керісінше өзіме қарай жүгіре бастады. Мені итеріп құлатты. Қолым жарақаттанып қалыпты. Сөйтсем Айжан мені пышақтамақ болған екен. Қызым “Анашым, кеудеңнен қан ағып жатыр!” деп айқайлап жіберді. Расымен де, қабырға тұсымнан қан ағып жатты. Денем қатты ауыра бастады. Барлығы жылдам болды. Менің қиналып жатқанымды көріп, Айжан артқа шегінді. Бәлкім, есін жиған шығар. Сол сәтте оның қолынан пышақ көрдім», – дейді жәбірленуші.

Жанаргүл бірден қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер әйел мен оның іштегі сәбиін құтқарып қалды. Айжан Жанаргүлден бөлек тағы екі адамды пышақтап үлгерген. Ал ер адамдар бұл жанжалға мүлдем араласпағандарын айтып жатыр. Айжанды үшінші топтағы мүгедектер қатарына кіретін ұлы құтқарып қалды. Мұнымен қатар, ол Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған амнистияға ілінген екен. Нәтижесінде Айжанға берілген үкім екі есе қысқарып, екі жыл алты айға сотталды. Мұнымен қатар, 250 мың теңге көлемінде моральдық шығынды өтеген.

 

Талқылау