Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқаш көлі Арал тағдырын қайталауы мүмкін – шетелдік сарапшылар

Балқаш жоғалып бара жатыр. Көл Арал тағдырын қайталауы мүмкін. Бұл туралы "Сircle of Blue" ұйымына берген сұхбатында шетелдік сарапшылар айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экологтар 2021 жылы үш миллионнан астам адам Балқаш суының таяздануы салдарын сезінетінін атап өтті. Орталық Азиядағы ең үлкен көлдің көгілдір сулары жасыл-қоңыр түсті құрғаған ландшафтқа айналды.

Сарапшылар Балқаш көлі Аралдың тағдырын қайталай ма деп қорқып отыр.

"Менің ойымша, Іле сағасындағы сулы-батпақты алқап 50 жыл бұрын Арал теңізінің айналасындағы сулы-батпақты алқаптарға ұқсайды", – деді Грейфсвальд университетінің аға ғылыми қызметкері Нильс Тевс.

Қытайдың солтүстік-батысынан ағып жатқан Іле өзенінің ағысы 1970 жылдардан бастап тұрақты түрде төмендеп келеді. Соңғы 20 жыл ішінде Іле өзенінің бойында ауылшаруашылығы мен егін жинау үшін пайдаланылатын жер көлемі 30%-ға өскен.

Балқаш көлінің тартылуы биоәртүрліліктің едәуір жоғалуын туындатады. Бассейн атырауының экожүйесіне өсімдіктердің 60-тан астам түрі, құрып кету қаупі бар 12 құс және жер бетінде кездеспейтін алты балық түрі кіреді.

Талқылау