Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқаш-Қарағанды тасжолында автобустан шығып келмек болған ер адам ұшты-күйлі жоғалып кетті

Қарағандыда туыстары Балқаш-Қарағанды тасжолында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 31 жастағы Дмитрий Чесноковты таба алмай жатқанына бір айдай уақыт болды. Олардың пікірінше, ер адамды құлдықта ұстап отырған болуы мүмкін. Еріктілермен бірге іздеу жұмыстары жүргізілгенімен, әзірге нәтижесіз.

Қарағандыда тасжолда автобустан шығып келмек болған ер адам ұшты-күйлі жоғалып кетті

Іздеу жұмыстарын жүргізіп Дмитрийді таба алмаған туыстары амалы таусылған соң көріпкелдерге де барған. Өз кезегінде олар ер адамды құлдықта ұстап отырғанын айтыпты, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.

«Аудандардың тұрғындарынан көмек сұрадық. Қыстауларды іздедік. Өтінемін, табуға көмектесіңіздерші», – дейді Дмитрийдің анасы Елена Чеснокова көз жасын тоқтата алмай.

Дмитрий Чесноков 27 желтоқсанда Балқаш-Қарағанды тасжолы арқылы автобуспен вахтадан үйіне қайтып келе жатқан. Тасжолда автобус жолаушылар дәретханаға баруы үшін тоқтаған. Осы кезде автобустан түскен ер адам сол күйі ұшты-күйлі жоғалып кетіпті. Оның заттары автобуста қалған.

Әріптестері Дмитрийді жол бойындағы дәмханадан, дәретханадан іздеген. Алайда таппапты. Автобус жүргізушісі оны күтпей, жолын жалғастырған екен.

«Ол ешқашан ешқайда айтпай кеткен емес. Психикалық денсаулығында ақау жоқ. Психикасына әсер ететін заттарды пайдаланбайды», – дейді әпкесі Ксения Пазухина.

Еріктілердің сөзінше, ересек әрі сау адамдар сирек жоғалады.

«Егер адам отбасында ұрысып қалмаса, ешқандай қылмысқа қатысы болмаса, ол жайдан-жай жоғалып кетпейді. Оның себебі болады», – дейді «Лиза Алерт» іздеу-құтқару отрядының өңірлік өкілі Андрей Хлащев.

Дмитрийдің туыстары оның аман-есен табылатынынан үмітті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау