Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балғынбек Имашев: Көптеген жастардың ажырасып кетуіне ата-аналары кінәлі

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев жастардың үйлене салып көп ұзамай ажырасып кетуіне ата-аналарды кінәлады.  Бұл ретте ата-ананың айыбы жастарды материалдық және рухани тұрғыдан «тойдырмағаны» себеп дейді ақын.

«Жастар ажырасты деп сөгіп жатамыз. Қазақ мұндай мәселенің алдын алудың жолын ежелден білген. Ұлы өсіп қалғанша еншін беруге әзірленген, қызы бой жеткен шақта жасауы дайын тұрған. Екі жақ қолдау көрсетіп, жастардың аяққа тұруына  барынша көмектескен. Қазір не? Үй жоқ басқа жоқ  несиеге үйлентіреді.

Содан кейін анау жоқ, мынау жоқ жастар ұрысады, сыйластық пен махаббат жолда қалады. Осыдан кейін ата-ана себепші болмай кім себепші? Неге ажырасты деп тек жастарды кінәлаймыз? Сондықтан адамның өзге жаратылыс иесінен айырмашылығы ол  өмірін болжап, Құдайдан сұрай отырып ұрпағына мәнді де мағыналы өмір сыйлауға тырысуы керек»,-дейді ақын.

Ақынның айтуынша ажырасу мәселесінде жастардың да кінәсі бар, бірақ ата-ананың демеуі болған жерде сүйіп қосылған жастардың  ажырасу мәселесі азаюы әбден мүмкін деген сенімде. Ақын мақтанарлықтай бала өсірудің негізгі қағидаларын да атап өтті.

«Біріншіден ата-ана Құдайдан баласына мәнді де сәнді, адал өмір сұрауы керек. Ата-ананың баласына сұрағын тілегі, баласының ата-анасына Жаратушыдан сұрағаны міндетті түрде орындалады. Адал тапқан дүниемен өсірген баланың бойында жаман қасиеттер болмайды. Ата-ана адал нан жегізуі керек перзентіне.

Екіншіден  әкесі мен анасының өзін ұстауы, сөзі, ағайындарымен қарым-қатынасы, кез-келген мәселені шешу әдісі, сөйлеуінің өзі, өмір сүру салты, достарымен тіпті көршісімен, баласымен араласуы үлгі боларлықтай болуы тиіс.

Үшіншіден мейірімділік. Отбасындағы бірін-бірі қолпаштап, демеп,  қолдан келсе өз ара жақсы сөздер айтып, тілекші екендерін көрсете отырып тәрбиелеу. Міне осындай отбасында өскен баланың жаман адам болуы мүмкін емес деп ойлаймын»,-дейді”Ана мен бала” бағдарламасында қонақта болған  Балғынбек Имашев.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда шетелдік валютада сақтауға болатын депозит мөлшерлемесі төмендетіледі

Ақышев: Қазақстандықтардың зейнетақысы желініп жатқан жоқ

Ұлттық банк төрағасы жыл соңына дейін теңге бағамы қандай болатынын айтты

Істі болған Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы түрмеде ұлына қысым көрсетіп жатқанын айтты

Талқылау