Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларымен кездескен Брэд Питт көзіне жас алды

Анджелина Джоли ажырасуға арыз берген күннен бері Брэд Питт алғаш рет балаларымен жүздесті. Ішкі күйін жасырып қала алмаған голливуд жұлдызы көз жасына ерік берді.

KMO_088197_167021_1_t218

Бұл туралы In Touch Weekly басылымы хабарлаған.

Кездесуге Джоли мен Питтің тек екі баласы келді: 12 жастағы Захара мен 8 жастағы Вивьен. Қос жеткіншек те әкесін көрген сәтте ағыл-тегіл жылады. Әке мен балалардың кездесуі дәрігердің бақылауында өтті. Медицина қызметкері алдағы уақытта Питтің балалармен кездесе алу-алмауын анықтайтын болады. Кездесуге қатысқан Анджелина Джоли ләм-мим деп ауыз ашпады. Брэд қыздарымен бірге олардың Лос Анджелестегі бұрынғы үйлерінде бір сағатқа жуық уақытты бірге өткізді.

Айта кетейік, Джоли мен Питт уақытша келісімге келді. Ол бойынша, актер өз балаларын тек белгілі бір уақытта көре алады. Сондай-ақ, Питті кез келген уақытта есірткі мен алкогольге анализ тапсыруға мәжбүрлеуі мүмкін.

Жіберіп алмаңыз: 

Анджелина Джолидің егізі Бред Питтке әйел болудан бас тартты

Бритни Спирс актер Брэд Питтің жаңа әйелі болуға дайын екенін мәлімдеді

Ерке Есмаханға құны 2,5 миллион теңге тұратын киім сыйланды

Дастархан басында аяғын көтеріп отырған Әлішер Кәрімов сынға қалды

Талқылау