Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларға мешіт, шіркеуге және діни шараларға ата-анасыз баруына тыйым салынуы мүмкін

Мәжілісте балалардың діни шараларға қатысуын шектейтін құжат қаралып жатыр. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Аталған заң жобасы бойынша жұмыс істеп, қорытынды әзірлеу міндеті Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктелді.

«Заң жобасы діни қызмет саласындағы мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіруді күшейту мақсатында бұл саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар заң жобасы дінді деструктивті мақсаттарда пайдалануға, кәмелетке толмаған балаларды діни қызметке әрі діни рәсімдерге, іс-шаралар мен жиналыстарға заңсыз тартуға, діни шаралар мен уағыздауды заңсыз жүргізуге жол бермеуге бағытталған нормаларды қамтиды. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», – деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, 2017 жылдың желтоқсанында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын балалар діни ғұрыптарға, мешіт пен шіркеуге тек ересектермен еріп бара алатынын мәлімдеген болатын.

Ұсынылған заң жобасында міндетті түрде ересек адамдардың бірі баланың жанында болуы ескерілген. Баланың жанында ата-ананың бірі немесе кәмелетке толған жақын туыстары болуы керек. Нормадағы міндетті талап – баланың діни шараға баруына ата-ананың бірі қарсы болмауы тиіс

Тағы оқыңыз:

Назарбаев Трампқа: Сіз таңғаларлық салық реформасын жасадыңыз, оны 5 жыл бұрын жүзеге асырғанмын

Қазақ журналисі: Трамптың аксессуарымен тең тұру үшін елбасы 80 мың доллардың сағатын тақты-ау

Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд доллардан асатын 20 келісім бекіді

Талқылау