Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд доллардан асатын 20 келісім бекіді

Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд долларды құрайтын 20 келісім бекіді. Еліміз Америкадан Boeing ұшақтарын алады, сонымен қатар Қазақстанда 900 электровоз құрастырылады.

Бұдан бөлек авиация, фармацевтика, агросектор секілді салаларда да бірлесе жұмыс атқарамыз, деп хабарлайды 24 арна.

Сапар аясында 3 үкіметаралық келісім орнады. Құжатта Қазақстан арқылы коммерциялық теміржол транзитімен қамтамасыз ету, халықаралық Салық кодексін оңтайландыру мәселелері қарастырылған. Биылдыққа Елбасының жолы түскен алғашқы ел АҚШ болды. Ақ үй қожайыны да жыл басындағы бірінші мейманын қабылдағалы отыр. Бірақ сапардың өзегі бұл емес. Трамптың әр қадамынан жаңалық күтетін журналистер мен сарапшылар бұл кездесуге көз тігіп, құлақ түруде. Өйткені Ақ үй екінің бірін төріне шығара бермейді әрі Орталық Азия елдері ішінде Дональд Трамп өз резиденциясына ресми сапармен шақырған алғашқы президент қазақ көшбасшысы болды. Бұл күндері Вашингтонда ауа температурасы күрт төмендеп кеткен. Синоптиктер 1905 жылдан бері мұндай қыс болған емес деп жатыр. Алайда сыртқы ауа райына қарамастан, Ақ үйде ыстық ықыластың лебі есіп тұр. Қазақ басшысы – бүгін мұнда қадірлі қонақ.

Көпке ұқсамайтын саяси стилі қалыптасқан Трамп мұндай құрметті көрінгенге көрсете бермейді. Содан болар бұл кездесуге назар ерекше. Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас кеше орнаған жоқ. Еліміздің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған Америкаға Президент 1992 жылы барып, алпауытқа серіктестік ұсынған еді. Осы ширек ғасырда арада дорба емес, жорға жүретін деңгейге жетті. Бұл жолғы сапар да серіктестікті жаңа деңгейге көтерері сөзсіз. Кездесудің ресми бөлімі басталмас бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үйдегі «Құрметті қонақтар» кітабына қолтаңбасын қалдырды.

“Құрметті Президент мырза, Америкаға қош келдіңіз! Мен сізді қатты құрметтеймін. Біздің елдер арасында ынтымақтастықтың артып келетіні қуантады. Сауда-саттық қарқынды дамып жатыр. Қазақстан қазір өте жақсы жетістіктерге жетті. Шын мәнісінде ел күн санап өркендеп келеді. Қазақ елін барлық мемлекеттер құрметтейді, сондықтан сізді осында қарсы алу – біз үшін үлкен мәртебе. Алпауыт елмен саяси диалогтың орнағанына биыл – 26 жыл. Аймақтық жаһандық қауіпсіздік мәселесінде ұстанымдарымыз ұқсас. Алайда әріптестікті стратегиялық серіктестік деңгейіне шығару мақсаты тұр. Елбасы сапарының көздегені де осы. Өйткені арадағы сауда-саттық қос елдің әлеуетіне сәйкес келмейді. Сөзімізге дәлел мына сандар: өткен жылдың 10 айында алыс-беріс көлемі 1 млрд 300 млн доллардан сәл-ақ асты. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 жарым пайызға төмен. Әрине, бұған себеп көп. Алайда байланыс орнататын салалар да аз емес.

Ширек ғасырға жуық уақыттан бері АҚШ тарапы Қазақстанды Орталық Азиядағы тәуелсіз, егемен, әлеуетті стратегиялық әріптес ретінде есептейді. 1991 жылы Рождество мерекесінің алдында Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындауымызды мақтанышпен айтамыз. Орталық Азия елдері арасында қазақ елін АҚШ сенімді серіктес санайды әрі көшбасшы мемлекет ретінде бізбен санасады. Саяси саxнада Қазақстанның ұсыныстарын қолдайды. Әсіресе жойқын қарудан бас тартқан мемлекет ретінде халықаралық қауымдастықтың бейбітсүйгіш мүшесі деп біледі. Сондықтан Елбасының бұл сапары тек бізге ғана емес, тұтастай Орталық Азия өңірі үшін маңызды”, – деді АҚШ президенті.

Елбасы айтып отырған бұл жоба Орталық Азия елдерін дамытуға бағытталған. Еліміз де қолдан келген көмегін аяп қалған жоқ. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде Ауғанстандағы аxуалға ерекше мән беріп отыр. Ондағы түйткілдің шешімі елді дамыту деп түсінеді. Сондықтан елді алға сүйрейтін білікті мамандар даярлау ісінде қол ұшын беріп келеді.

“Қазақстан 2001 жылы АҚШ-тағы лаңкестікке қарсы күресті қолдады. Қазір де Ауғанстанда атқарылып жатқан жұмыстарды белсенді қолдайды. Көрші Ауғанстан еліндегі лаңкестікке қарсы тұру біздің ғана емес, әлем алдындағы тапсырма. Қазақстан осы жылда ішінде 75 млн доллар қаражатқа техникалық көмек көрсетіп, көптеген жас ауған студенттерін оқытуға 50 млн доллар бөлді”, – деді елбасы.

Біз ауған студенттеріне тегін білім беріп жатқан Қазақстанның ұстанымын жоғары бағалаймыз. Ауғанстандағы қауіпсіздікті нығайту үшін қосымша қолдау көрсетуге дайын Қазақ көшбасшысына алғысым шесіз. АҚШ көрші мемлекеттерге құрметпен қарайтын өркениетті елдерімен серіктестік орнатуға ниетті. Бүлінген елде дау бөлек, ал бейбіт елде сән бөлек. Мұны талай араздасқан тараптарды татуластырған қазақ көшбасшысы жақсы біледі”, – деді Дональд Трамп.

“Қазақстанның әлемдегі ең ірі  Семей ядролық арсеналын жапқанын білесіз. Біз ядролық елдерге де осылай жасауға кеңес бере аламыз. Иранмен, Солтүстік Кореямен сөйлесіп жатырмын. Солтүстік Корей елінің мәселесін АҚШ-пен, Ресеймен, Қытаймен бірлесе отырып шешуге болады. Бізді Ресей мен АҚШ-тың саяси қатынасының байыпқа келмегені алаңдатады”, – деді Назарбаев.

Қазақстанға алғашқылардың бірі болып инвестиция құйған АҚШ болатын. Егемендіктің елең-алаңында бізге сенім білдірген алғашқы мемлекет. 2005 жылдан бері шамамен 30 млрд доллар инвестиция құйыпты. «Менмін» деген алпауыт компаниялар елімізге келіп, мұнай өндірісі ілгері басты. Бүгінде Қазақстанда американдық капиталдың қатысуымен 500-ден астам компания жұмыс істейді. Таяу арада бұл тізім арта түспек. Елбасы халыққа жолдауында айтқан өнеркәсіптік революцияға АҚШ кәсіпкерлері атсалысады. Сапар нәтижесінде жалпы құны 7 млрд доллардан асатын 20 келісім бекіді.

Әлемге сөзін өткізіп отырған Ақ үй қожайыны қазақ көшбасшысына алғысын жаудырды. Елімізбен әріптестік одан сайын арта түсетініне ниет білдірді. Орайы келгенде Елбасы да Дональд Трамптың іске асырған реформасын сөз етіп, қуанышына ортақтасты.

Қос ел басшысы бірлескен мәлімдеме жасағаннан кейін кеңейтілген құрамда кездесу өткізді. Алайда бұл жүздесу журналистерсіз оңаша өтті. Ақ үйдің ішкі тәртібі сондай. Ал Елбасының АҚШ-қа сапары тағы екі күнге жалғасады. Әрине, сапарды қорытындылауға әлі ерте. Бірақ бұл кездесулер Қазақстан мен АҚШ байланысын стратегиялық серіктестік деңгейіне шығарары сөзсіз. Сондықтан елдің сыртқы саясаты туралы жылнамаға осылай деп қазірден жаза беруге болады.

Тағы да оқыңыз:

Назарбаев Трампқа: Сіз таңғаларлық салық реформасын жасадыңыз, оны 5 жыл бұрын жүзеге асырғанмын

Қазақ журналисі: Трамптың аксессуарымен тең тұру үшін елбасы 80 мың доллардың сағатын тақты-ау

Филиппин перзиденті Трамптың айтқанын орындап ән айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар