Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалардың ойнап жүрген фиджет спиннер ойыншықтары зиян ба?

Мамандар фиджет спиннер ойыншықтарының құрамында зиянды заттардың бар-жоғын анықтау үшін 7 сағат бойы зерттеу жүргізді.

hq720

Молярлық ерітіндіге тұз қышқылын құйып, термостатқа қойып қойды, деп хабарлайды 31 арна.

«Біз төрт ауыр элемент пен сынапты тексеріп көрдік. Мырыш пен темір элементтері табылған жоқ. 30 мг қорғасын бары анықталды. Оның қалыптылығы – 90 мг. Ал, сынап 2 мг болды. Оның қалыптылығы – 60 мг», – дейді мамандар.

Екі элементтің де ойыншық құрамында қалыпты болғанына қарамастан мамандар ойыншықтарды зиянсыз деп айта алмайды.

Кейбір өндіріс орындары шығаратын ойыншықтар концентрациялы зиянды заттардан жасалады. Оларды сыртынан қарап білу қиын. Ол үшін сатушыдан ойыншықтың талапқа сай келетіні туралы сертификат сұрау керек.

«Егер сыртқы жазбасында әлдене жетіспей тұрса, ол жасанды ойыншықтар. Өндіріс орындары тауарын талапқа сай шығаратын болса, олар жауапкершілікті өз мойнына ала алады», – Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Наталья Дягилева. Ойыншықты анықтаудың ең қарапайым әдісі – оның иісі мен бояуына, ішкі құрылыына мән беру керек. Балаға жазбасы жоқ ойыншықтарды сатып алуға болмайды.

Тағы да оқыңыз:

Астана тұрғыны неліктен көшедегі балмұздақтардың қауіпті екенін көрсетіп берді (видео)

Принтер ең қауіпті құрылғылардың қатарына енді

Полицияда істейтін қыз жалаңаш фотосессияға түсу үшін қызметінен кетті (фото)

Талқылау