Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Балалар Евровидениесі”: Данэлия Төлешоваға қалай дауыс береміз?

Қазақстан биылғы жылы алғаш рет “Балалар Евровидениесі” байқауына қатысуда. Еліміздің атынан жас та болса дарынды әнші, Украинада өткен “Голос. Діти” байқауының жеңімпазы Данэлия Төлешова бағын сынамақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Данэлия Төлешова

Күні кеше, 19 қараша күні “Балалар Евровидениесі” байқауының ашылу салтанаты болып өтті. Ал қазақстандықтар қатысушылардың өнерін 25 қараша күні, осы жексенбіде Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де “Хабар” арнасынан тамашалай алады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Red carpet ❤ @junioreurovisionofficial #junioreurovision #junioreurovision2018 @khabartv

Публикация от Daneliya (@tuleshova_daneliya)

Данэлия Төлешова жеребеге сәйкес, үшінші болып өнер көрсетеді. Ол байқау барысында қазақ және ағылшын тілдеріндегі “Өзіңе сен” әнін орындамақ. Естеріңізге салсақ, Данэлия жуырда ғана аталған әнге Шарын шатқалында бейнебаян түсірген болатын.

Беларусь елінде өтіп жатқан байқауға 20 елден келген таланттар қатысады.

Қатысушыларға 23 қарашадан бастап дауыс беруге болады. Ол үшін junioreurovision.tv сайтына кіру қажет.
Данэлия 25 қараша күні “Минск-Арена” кешенінде өнер көрсетеді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау