Балалар үйінің түлегі әкіммен өткен кездесуден кейін жұмысқа орналасты

Қостанайда 26 ​​жастағы балалар үйінің түлегі үйсіз және жұмыссыз күн көріп жүрген. Жас жігіт басшылықпен болатын есеп беру кездесуінде тікелей қала әкіміне жүгінді. Марат Бәкиевтің тағдыры қалай дамып жатқаны туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Марат балалар үйін 2008 жылы бітірген. Жігіт осы уақытқа дейін күн көріс үшін анда-мында жұмыс істеп келген. Нәтижесінде, қазір не тұрақты баспанасы, не жұмысы болмаған.

«Жетімдер үйінен түлеп ұшқан балалар қайда барарын білмей, өзі жалғыз қалады. Оларға жұмысқа орналасып, баспана алу қиын. Мен құл секілді жұмыс істеп келдім. Тапқан ақшам не тамағыма, не жалдап төлейтін пәтеріме жетпей далада қалдым. Екі ай бойы өлердей жұмыс істеп, лас бөлмеде тұрып келдім. Таң ата сала бір үзім нанды суық шәймен сіміре салып, мал бағуға шығатынмын. Бір күні бәріне қол сілтеп, қашып кеттім. Екі күн дегенде Қостанайға әрең жеттім»,-дейді балалар үйінің түлегі Марат Бәкиев.

Жігіттің үй алуға кезекке тұрғанына біршама уақыт өтсе де, кезектің жақындайтын түрі жоқ. Ол тізімде 202-ші болып тұр. Уақыты жеткенге дейін Марат пәтерден пәтерге көшіп жүруге мәжбүр. Дәл осы мәселе жігіттің қала әкіміне жүгінуіне итермеледі. Ол қала әкімі Базыл Жақыповқа мына қатал заманда балалар үйінің түлектері мектеп бітіріп шыққаннан кейін, барар жері, басар тауы жоқ қайда барарын білмей далада қалады деп көмек сұрады.

Осыдан кейін «Қостанай Жылуэнергетикалық Компаниясының» МҚК директоры Аскар Бекпағанбетов жігітке  жұмысқа алуға шешім қабылдады.

«Ол менімен байланысып, қайда екенімді сұрады. Менің түнейтін жер іздеп жүргенімді естігенде, ол маған бірден кездесуді ұсынды. Мені компанияға ертіп әкеліп, тамақтандырды. Оған қоса түнейтін жер беріп, компаниядан жұмыс ұсынды», – деп есіне алады Марат.

Жігіт қазір машинист болуды үйреніп жүр. Ол өзіне сенген адамдардың үмітін ақтауға тырысып барын салуда. Осы жұмысқа орналуға себепкер болғандарды, өзін қызметке алған адамдарды ұятқа қалдырмау үшін бәрін үйреніп келеді. Марат 70 мың жалақы алатына қатты қуанады. Ақшасының жартысын депозитке салып, қалғанын кезінде өзі сияқты қиналып жүргендерге қайырымдылық ретінде бергісі келеді.

Жіберіп алмаңыз:

Еліміздегі ауасы ең лас қалалардың тізімі жасалды

Мұхтар Тайжан: Біз қараған заң жобасында жерді сату туралы бірде-бір сөз жоқ

Беделді кәсіпкер қоғамда ұятсыз жастардың көбейіп кеткеніне өкініш білдірді

Астанада дәрігерлер емін таппаған 5 жасар бала Секен Тұрысбектің күйлерін тыңдап ауруынан айыққан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар