Бала санын арттыруға бас қатырған шымкентттіктер елде жоқ акцияны қолға алды

Сейсенбі, 12 Қыркүйек , 2017 12:56

Ел демографиясының артуына үлес қосуды мақсат тұтқан тұрғындар елде жоқ акцияны қолға алды.

9

Бұл туралы шымкенттік тұрғын Айдар Құлжанов өзінің желідегі парақшасында жария етті.

«Бір досым жолдас жігіттердің арасында «Тесттегі 2 сызыққа 200 000 теңге» дейтін акция бастапты. Мықты идея сияқты! Қалталы азаматтар іліп әкетсе, халық санын көбейтуге кәдімгідей әсер ететін сияқты. Біздің құрдастар ынта-шынтасымен акцияға атсалысып кетті енді», – деп жазды автор.

Мұнан соң Айдар Құлжанов акцияның басты талабы туралы да сөз етті. Жазуынша, ортақ достардың келіншектері жаңа жылға дейін аяғы ауырласа, жолдасының достары өз қалталарынан 200 мың теңге сыйлық жасайды және бұл сома ортадан жиналынбайды. Достардың әрқайсысы табыс етуге уәделесіпті.

«Акция тек достардың келіншектерінің арасында жүреді. Ал мәрт жігіттер болса, ауқымын кеңейтіп, бүкіл елге таратуға болады екен» деп толықтырды желі қолданушысы.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да ата-аналар балабақшадан балаларының аш қайтатынын айтып шағымданды

Білім министрлігінің кезекті реформасы тағы дау туғызды

Елімізде бензиннің қымбаттауы жүргізушілерді көліктерін тастауға мәжбүрлеп жатыр

Павлодарда апалы-сіңлілі қыздарды қаққан жүргізуші судьядан жылап тұрып қамауға алмауын сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Арине аш каитады оиткени олардында тамагвнын тесиги ьар емес па балдардвн аузвннан жырып калай уилерине алып кетеди екен жеген уакытта тамактарына турып та калмайды ау ондайдын талайын кордик кой бир балабакшпда емес мектептеде бар болницадада бар жогаргы басекелермен ауыздары бир гой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар