Бала күтушінің бүлдіршінді өлтіруіне күйеуінің екінші әйел алуы себеп болған

Сейсенбі, 1 Наурыз , 2016 9:55

Төрт жасар қызды өлтірді деп айыпталып отырған Гулчехра Бобокулова бір ай бұрын өзінің отаны Өзбекстанға барған. Ол онжа күйеуінің басқа отбасысы бар екенін біледі. Жолдасы болса бұған екінші әйел болуға келіс дейді. Осыдан кейін әйел есіріп желікпе күйге түскен.

329654

Сурет Артем Геодакян/ТАСС

38 жастағы Өзбекстан азаматшасы Гүлчехра Бобокулова тергеу кезінде күйеуімен қарым-қатынасы туралы толық айтып берген. Бір ай бұрын отанына барып, күйеуінің басқа әйелмен тұрып жатқанын білгеннен кейін әйелдің бойында есіру әрекеттері байқала бастаған.

Оның мінезінің құбылып бара жатқанына қайтыс болған қыздың туыстары да қарап, байқай бастайды. Жауап алу кезінде Бобокулова орыс тілін нашар білетінін айтып, тергеушілермен сөйлесуден бас тартқан.

“Осыдан соң жауап алу аяқталды. Жақын күндері тергеушілер Бобокулова ісі бойынша сотқа өтініш түсіреді”, – дейді полиция өкілдері.

Ертеректе сот-медициналық сараптамасы төрт жастағы қыздың өлімі себептерін анықтауды бастаған. Алғашқы анализ бойынша бала күтуші әйел әуелі қызды тұншықтырып өлтіріп, сосын барып басын кескен болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Гүлчехра Бобокулова 29 ақпан күні таңертең төрт жастағы қызды өлтіріп, оның басын кесіп алған. Оқиға орынынан қашып кеткенімен, кейінірек полиция оны метро бекеттерінің бірінің жанынан ұстап алған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар