Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытжан Сағынтаев Қырғыз премьерін орнына қойды

Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан премьері Сапар Исаковты орнына қойды. Қазақстанның Үкімет басшысы әріптесінің сынына лайықты жауап қайтарып, кемшіліктерін жіпке тізіп берді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Ташкентте өтіп жатқан ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесінде қырғыз премьері, өз президенті Атамбаевтың сарынына салып Қазақстанды шекарада қолдан кедергі жасап жатыр деп айыптаған. Кедендік заңнамасының кем-кетігін түземей, көпшілік алдында ши шығармақ болған Сапар Исаковқа  Бақытжан Сағынтаев кезекті рет Еуразиялық экономикалық одақ талаптарын еске салды. Қазіргі таңда қазақ-қырғыз шекарасы екі ел азаматтары үшін де ашық. Тек бұған дейін Қытайдан заңсыз тауар тасып көзге түскен Қырғызстан жүк көліктері шепте жіті тексерілуде. Көршінің кәсіпкерлері жалған декларация толтырып, салықтан жалтарғанын тағы қайталады Сағынтаев.

“Біз қырғыз премьерінің мәлімдемелерін негізсіз деп білеміз. Қазақстанның ұстанымы Еуразиялық экономикалық одақ идеологиясымен үндес. Одақтастардың экономикалық шығын тартпауын көздейді. Сондықтан Қырғызстан одақ мүшесі ретінде өзіне жүктелген міндеттерді орындауы керектігін кезекті рет ескертеміз”, – дейді ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.


Жіберіп алмаңыз:

Шекарадағы жағдай: Сағынтаев Қырғызстанға 5 шарт қойды (видео)

Қазақстанда жасөспірімдер қанша жасынан бастап жыныстық қатынасқа түседі

Анасы: Илья Ильиннің не себепті ажырасқанын айтты

Қытай елшісі қысым көрген қазақтар жайында: Біздің ішкі жұмысымызға араласпауды сұраймыз

Талқылау