Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Өлі күйінде табылған ҰҚК қызметкерінің қолы кісенделіп, скотчпен ораулы болған

16 қазанда Астанадағы қонақ үйлердің бірінен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері өлі күйінде табылған еді. «Время» газеті аталған оқиғаға қатысты тың мәліметтермен бөлісті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ: Өлі күйінде табылған ҰҚК қызметкерінің қолы кісенделіп, скотчпен ораулы болған

Басылымда жарияланған мәлімет бойынша, 25 жастағы ер адамның денесі таңертең сағат 9-да табылған екен. Оның қолы кісенделіп, скотчпен ораулы болған.

Басылым мәлімтеніше, ҰҚК қызметкері 15 қазанда кешкі сағат 18:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Үстіне күнделікті киетін киім киген. Алайда жұбайы түн ортасында одан біртүрлі хабарлама алыпты.

«Отбасымды жақсы көремін. Маңызды кездесудемін. Егер 1 сағат ішінде шықпасам, Рус алгоритмді біледі», – делінген хабарламада.

Бұған дейін ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ҰҚК қызметкерінің денесі елордадағы «Аланда» қонақ үйінің бөлмесінен табылған. Мәйіттен зорлық белгілері табылған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, 16 қазанда Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкері қонақ үйден өлі күйінде табылған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау