БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов: Мен арақ ішемін және былапыт сөздер айтамын

Бейсенбі, 29 Қыркүйек , 2016 13:44

Әнші Әлішер Кәрімов “Время” басылымының тілшісі Оксана Василенкоға берген сұхбатында жұмыстан тыс уақытта өзіне де, айналасындағыларға да аса талапшыл екенін мойындады. Оның талапшылдығы соншалық, қалаған нәрсесі уақытында орындалмаған жағдайда, әнші былапыт сөздер айтуға дейін барады екен.

каримов

Фото: Instagram

“Мысалы, мен директорыма маңызды бір істі тапсыруым, ал ол оны уақытында орындамауы мүмкін. Бір айтамын, екі айтамын, ал үшіншісінде орысшалап “фольклордан” жіберемін. Одан бөлек, арақ ішетінімді мойындаймын. Жұрттың бәрі соған таң қалады. Бірақ мен одан ұялмаймын. Былтыр эстрададағы көптеген әртістермен бірге ән-сапарға шығып, ел-елді пойызбен араладық. Сол кезде, сахналастарыма бірге ішімдік ішуді ұсындым. Көпшілігі таң қалды. “Әлішер, сен ішетің бе едің?” – деген сұрақтың астында қалдым. Пойыздағы жағдайды өздеріңіз де білесіздер, тазалық жағы көңіл көншітпейді. Профилактика үшін ішуге тура келді. Қыстың қақаған күндерінде концерт алдында коньяк ішетінім де бар. Жаурап тұрған кезде оның да пайдасы зор. Иә, мен осындаймын! Елдің мені мінсіз деп санайтынынан шаршадым”, – деді Кәрімов.

Айлық табысы туралы сауалға жауап беру барысында Кәрімов әртістердің кірісін ғана емес, шығынын да есепке алу керек екенін мәлімдеді. Айтуынша, бейнебаян түсіріп, оны өңдеуге, ән жаздыруға, оның аранжировкасына қыруар қаржы керек.

“Мүмкін үнемі үйлесімді, лайықты түрде киініп жүргендіктен, ел мені бай, бақуатты деп ойлайтын шығар. Тіпті де олай емес. Мүлдем ақшасыз қалатын сәттерім де болады. Мысалы, жуырда ғана бір досымнан қарызға ақша алдым. Себебі қалтамда көк тиыным қалмады”, – дейді Әлішер.

Әнші бұл ақшаның бейнебаян түсіріліміне қажет болғанын айтты.

Жіберіп алмаңыз: 

“Ninety One” тобының ата-аналары оларға сырға мен боялған шаш үшін ұрысқан

Мұрат Қожа «үш баласын тастап кетті» деп сөккендерге жауап берді (фото)

Есентаева: Қазақстанда бәрі ұят пен қымсынудан тұрады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар