Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Головкин жазда британиялық Сондерспен Қазақстанда жұдырықтасады

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин WBO белдігінің иегері британиялық Билли Джо Сондерспен (24-0) жазда Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін.

855331

Фото: AP Photo / Rich Schultz

Бұл туралы Boxing Legends TV интернет-каналының әлеуметтік желідегі парақшасы хабарлайды.

“Билли Джо Сондерс пен Головкин кездесуі жаз кезінде Қазақстанда өткізілмек”, – деп жазылған твитте.

Желі қолдануышыларының бірі “Неге бұл жекпе-жек туралы Головкин-Джейкобс кездесуіне дейін хабарланып жатыр?” деп сауал қояды. Оған канал: “Олар Сондерстің Головкин-Джейкобс жұбының жеңімпазымен кездесетінін меңзеп жатса керек. Бірақ, Сондерспен барлық шарттар келісілді”, – деп жазады.

Бұған дейін Головкин бірнеше рет өз отанында жекпе-жек өткізгісі келетінін жариялаған еді. Бокс кеші Астанада өтетін ЭКСПО көрмесі қарсаңында өткізілуі мүмкін. Ал боксшының промоутері Абель Санчес 2017 жылы Генаның төрт жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан.

Бұған дейін Головкин-Джейкобс кездесуінің 18 наурызға бекітілгені хабарланған еді. Бокс кеші Нью-Йорк қаласында өтеді. Қазіргі таңда билет құны да анықталған. Ең төменгі билет бағасы 100 доллар болса, ең қымбаты – мың долларға дейін жетеді.

Жекпе-жекке билеттерді Madison Square Garden кассасынан немесе Ticketmaster.com сайты арқылы тапсырыс беріп алуға болады. Жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы трансляция (PPV) жүйесі бойынша таратады. Көрермендер боксты көру үшін 54,95 доллардан төлеуі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)

Қазақстандық ауыр атлет Пекин олимпиадасының “чемпионы” атанды

Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді

Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

Талқылау