Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағынтаев: Қыз ұзатылуға дайын, бiрақ алатын ешкiм жоқ

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк жобаларының «ұзатылуға дайын отырған қыздың» кебiн киiп отырғанын айтты. Ол үкiмет отырысында осы бағыттағы жұмысқа қарқын қосып, кедергi болып отырған мәселелердi созбалаңға салмай, жылдам шешудi тапсырды.

40d50de74cd0dbc5ae0a414a207

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

«Баяндамалардан көрiп отырғанымыздай, бұл бағытта белгiлi бiр жұмыс iстелiп жатыр. Қажеттi нормативтiк-құқықтық база бар, өңiрлерге дербестiк берiлдi, яғни үлкен жұмыс атқарылған. 300-ге жуық жоба бар. Десек те, «Қыз ұзатылуға дайын, бiрақ алатын ешкiм жоқ» деп айтып жатады ғой, тура соның кебiн киiп отырмыз», – дедi Сағынтаев.

Үкiмет басшысының айтуынша, бұл мәселе талай жылдан берi оң шешiмiн таппай келедi. Тиiстi заңдарға өзгерiстер енгiзiлгенiмен, жағдай жақсармай отыр.

«Бiрақ жоспардан аспай жатырмыз. Балабақшалар бойынша жұмыс жүрiп кетсе, игi болар едi. 2017-2019 жылдары 1630 мектепке дейiнгi мекеме ашу жоспарланған. Оның жартысын мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк есебiнен iске асырсақ, бұл өте үлкен қадам болмақ. Облыс әкiмдерi жаңа айттып өттi. Шағын жобалар жарты жыл қарастырылады. Типтiк жоба болса, жылдамырақ шешуге болады ғой. Мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында жұмыс iстегiсi келетiн инвесторларды жинап, оларға не кедергi келтiретiнiн сұрау керек, өзгерiстер енгiзу қажет. Бұл жұмысқа қарқын қосу керек. Президент тарапынан әдiл сынға iлiгiп жүрмiз», – дедi премьер-министр.

Үкiмет басшысы бiрiншi орынбасары Асқар Маминге осы мәселе бойынша әкiмдiктердiң ұсыныстарын жинап, жүйелi түрде қарастыруды тапсырды.

Оқи отырыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев 25 жасар миллионерден сыйлық алды

Иманғали Тасмағамбетов қазақ тілінің мәртебесі туралы өлең оқып берді (видео)

Дональд Трамп тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ғажап жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді

БАҚ: Фидель Кастроның 35 мың әйелі болған

Талқылау