Бүркіттің «Келші Құланға» атты бейнебаяны жарық көрді

Жексенбі, 14 Тамыз , 2016 20:33

 

Күні кеше ғана әнші Бүркіттің «Келші Құланға» атты әніне түсірілген су жаңа бейнебаяны жарық көрді. Бұл жолы Қазақстан эстрадасының жарқын жұлдызы шетелді ысырып қойып, қазақтың қаймағы бұзылмаған ауылын экранға шығарды. Мұнысы жұрт көңілінен шықты.
2(31)

Осы орайда танымал әнші Stan.kz тілшісіне сұхбат беріп, бейнебаян жайында айтып берді.

«Үмбет құмын асып

Жібек Жолын басып

Келші сәулем, келші

Біздің Құланға!» ­- деп шырқаған әнші Бүркіт барша жұртты Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданына қарасты Құлан ауылына қонаққа шақырды. Ал бұл өлең жолдарының авторы – Бүркіттің анасы, қазақтың ақын қызы Айша Көпжасарова екен. Әні – М.Өзбековтікі.

«Негізі бұл әннің сөзін ақын Айша Көпжасарова, яғни менің анам жазған болатын. Әні – М.Өзбековтікі. Ол кісі біраз жылдар бұрын қайтыс болған. Өкінішке қарай, бұл әнді біраз жылдар бойы Байрамуков деген әзірбайжан иемденіп келді. Анам ұзақ уақыт бойы соған қапаланып жүрді. 20 жылдан аса уақыт бұрын дүниеге келген туындынының орындаушылары көп болған. Мен анамның көңіл-күйін көтеріп, сыйлық жасау мақсатында осы әнді басынан жаздырып, жаңаша өңдеп, Құлан ауылына барып, арнайы бейнебаян түсірдім», – деді әнші.

«Ендеше Құлан кімнің ауылы? Сіздің бе әлде анаңыздың ба?» деген Stan.kz тілшісінің сауалына Бүркіт: «Жоқ. Біздің ауылымыз – Жамбылдағы Ерназар ауылы. Ал ән анамның шабытымен дүниеге келген», – деп жауап берді.

Сондай-ақ, әнші биылғы жазда үш бейнебаян түсіргенін айтып өтті.

Бірінші бейнебаян біз сөз етіп отырған «Келші Құланға» әніне түсірілген. Ал екіншісі Айшамен бірге орындаған «Әгугай» әні. Бейнебаян тұсаукесері білім күніне жоспарлануда. Үшінші бейнебаянда Бүркіт тағы бір әншімен дуэт орындайды. Алайда оның кім екенін әнші әзірге құпия ұстауды жөн көріп отыр. Әншінің үшінші бейнебаяны қыркүйектің соңына қарай шығуы керек. Бүркіт бірсарындылықтан арылу үшін әртүрлі бейнебаян түсіруді жөн көрген екен.

YouTube желісінің қолданушылары «Алла жар болсын! Керемет клип», «өте әсерлі, дауысыңыз өте жағымды», «ауылымды еске алдым» деп пікір білдірген.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Шетел аралағанды ұнататын Бүркіт отбасымен Балқашта демалуда (фото, видео)

Бүркіт пен Айша нағыз боевик түсіріп жатыр (фото)

Бүркіт қолға алған жеке кәсіптері туралы ашық әңгімеледі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    бул оленди калай Аишанын анасы жазады егер олен жолдарынба ер адам айел затын суреттеп айтып турса. Жалган Мэлс Өзбековтын оленин урлау бул

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар