Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 30 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман мен көктайғақ күтіледі.

Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлайды.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с-пен соққан желдің екпіні 28 м/с артады. Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей аумақтарын тұман басып, көктайғақ болады.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау өңірінің жекелеген жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан мен Атырау облыстарында тұман күтіледі.


Жіберіп алмаңыз:

Apple қызметкерінің баласы iPhone X туралы мəліметтерді жариялағаны үшін жұмыстан кетті

Қарағандыда әйел-таксистің өліміне қатысы бар жаңа күдіктілер ұсталды

Алматылықтар «Арман» кинотеатрының маңындағы төбелестің куәсі болды (видео)

Оңтүстік тұрғындары күз мезгіліне қарамастан суға түсіп жүр (видео)

Талқылау