Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін Алматыда Сафар Шәкеевті еске алу кеші өтеді

Бүгін Алматы қаласында қазақстандық композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шәкеевті еске алу кеші өтеді. Бұл туралы Еркеш Шәкеевтің қызы Меруерт Шәкеева өзінің Instagram парақшасында жазды.

shakeev

“Қайырлы күн, құрметті достар! Менің бауырымның туған күнінде оны еске алу кешін ұйымдастырамыз. Кеште Сафардың жұмыстары көпшілік назарына ұсынылады. Сондай-ақ шағын деректі фильм көрсетіліп, достары сөз сөйлейді. Жағымсыз пікірі бар жандардан ештеңе жазбауларыңызды өтінемін”, – деп жазды Меруерт Шакеева.

Еске алу кешіне Сафарды іздеуге қатысқан еріктілер, достары мен оны құрметпен еске алуға ниет білдірген жандар шақырылады. Қонақтар Алматыдағы “Арман” кино орталығына сағат 18.30-да жиналады. Еске алу кешіне онлайн-трансляция арқылы қосылуға болады. Онлайн-трансляцияның сілтемесі Меруерт Шәкееваның парақшасында көрсетілген.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Алденесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.


Жіберіп алмаңыздар:

Еркеш Шәкеев ұлы туралы айтып, жұртты бір-бірлерін бағалауға шақырды

Батырхан Шүкенов Сафар Шәкеевтің кіндік әкесі болған

Достары: Сафар Шәкеев өте мейірімді жан болды (фото)

Талқылау