Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды

Бокстан 22 жасқа дейінгілер арасында өтетін Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының құрамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚБФ

25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Астанада бокстан жастар мен U-22 жас аралығындағы боксшылар арасында Азия біріншілігі өтеді. 22 жасқа дейінгілер арасында байрақты бәсекеде бақ сынайтын былғары қолғап шеберлері анықталды. Бұл додадан құраманың үздігі Санжар Тәшкенбай жарақатына байланысты тыс қалды. Назарларыңызға Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ұсынамыз.  

48 келі. Ернар Қарап

51 келі. Кенже Мұратұлы

54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек

57 келі. Ерболат Сабыр

60 келі. Руслан Күзеубаев

63,5 келі. Ерасыл Танкай

67 келі. Елнұр Сүйінбай

71 келі. Сабыржан Аққалықов

75 келі. Диас Молжігітов

80 келі. Ерасыл Жакпеков

86 келі. Темірлан Мұқатаев

92 келі. Бекнұр Батырбек

+92 келі. Аманат Сабырғали


Азия чемпионатында бақ сынайтын бұрымды боксшыларымыз белгілі болды


Айта кетейік, Астанадағы Азия чемпионатына 25 елдің боксшылары келеді деп болжанған.

Талқылау