Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азиада: Қазақстандық спортшылар бүгінгі күнді қос алтынмен бастады

Қазақстан құрамасының спортшылары Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азиа ойындарында бір алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.

20170223085443

Фото: ҚазАқпарат

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Алтын медальді қоржынға биатлоншы Ян Савицкий салды. Ол 10 шақырымға спринттен жарыста үздік болды. Екінші болып мәреге тағы бір қазақстандық Василий Подкорытов келді. Ол күміс медаль еншіледі.

20170223085922

Савицкий бір рет қана мүлт кетіп, қашықтықты 26 минут 59,2 секунд көрсеткішпен жүріп өтті. Ал Подкорытов екі рет мүлт кетіп, 15 секундқа кешігіп келді.

20170223085458

Тағы бір күміс медальді шаңғышы Елена Коломина бес шақырымға классикалық стильде жүгіруден жеңіп алды. Коломина қашықтықты 15:02.8 минут көрсеткішімен келіп, Жапония спортшысы Юки Кабаяшиден 6,7 секундқа қалып қойды. Ал қола медаль Қытай өкіліне бұйырды.

20170223085452

Айта кетейік, Коломина бұл жарыста осымен үшінші медальді алып отыр. Бұған дейін ол 1,4 шақырымға классикалық стильде жүгіруден күміс, ал 10 шақырымға еркін стильде жүгіруден қола медаль жеңіп алған еді.

Сондай-ақ, қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Саппоро қаласында өтіп жатқан Азиадада 7,5 шақырым қашықтықта спринтерлік жарыстан алтын медаль жеңіп алды.

20170223095408

Вишневская 20:32.6 минут көрсеткішпен бірінші келсе, екінші болып одан 24.2 секундқа қалып қойған қытайлық спортшы келді, үшінші орынды тағы бір қазақстандық Алина Райкова алды. Ол отандасынан 50.6 секундқа қалып қойды.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында үш алтын медаль бар. Одан бөлек – тағы төрт күміс және бес қола медаль.

Талқылау