Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ажырасу бойынша Қазақстан әлемде екінші орында: Ақпарат жалған болып шықты

Ажырасу бойынша Қазақстанның әлемде екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

"Ажырасу коэффициенті 4.6 тең Қазақстан Мальдив аралдарынан кейін екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құрады. 2020, 2021 жылдармен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады – тиісінше 2,56 және 2,54. 2023 жылдың қорытынды деректері алдағы сәуір айында жарияланады”, – делінген ақпаратта.

Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады. Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемде екінші орында тұрғаны туралы ақпарат тараған.

Талқылау