Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әжесі немересін шомылдырып тұрған кезде есінен танып, сәбиді өлтіріп қойды

Егде жастағы әйел немересін шомылдырып тұрған сәтте есінен танып қалды. Ақырында сәби тұншығып, көз жұмды.

Бұл туралы америкалық New York Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқыс оқиға АҚШ-тың Огайо штатында тұратын Ничолстар отбасында болған. 7 айлық Джа’Корейи Ничолстың әжесіне дәрігерлер жаңа препараттар жазып берген-ді. Бірнеше күн бұрын әжейге күрделі ота жасалғанына қарамастан, ата-анасы нәрестені қарт әйелге табыстапты.

Әжей таңғы астан кейін дәрісін ішіп, нәрестені шомылдырмақ болған. Немересін суға салған сәтте оның жағдайы нашарлап, есінен танып құлаған. Мұны аздан кейін әжейдің екінші қызы байқаған-ды.

Полиция мен жедел жәрдем шақырғанымен, нәресте тұншығып өлген. Ал әжейдің өзі ауруханаға жеткізілген.

Жіберіп алмаңыз:

Жас ана босанған соң комаға түсіп, оянғанда 9 жылдық өмірін ұмытып қалған

Алимент төлемеу үшін сегіз жасар қызын қылғындырып өлтірген әке жұртты шошытты

Балам ұсқынсыз емес: Америкалық әйел ерекше ұлын кемсіткен қоғамға жан айқайын жеткізді (фото)

7 жасар қыз сериалдағы көріністі қайталаймын деп тірідей өртеніп кетті

Талқылау