Балам ұсқынсыз емес: Америкалық әйел ерекше ұлын кемсіткен қоғамға жан айқайын жеткізді (фото)

Сәрсенбі, 6 Желтоқсан , 2017 15:49

“Менің ұлым – ғажап! Оған ұсқынсыз бала ретінде емес, мінезі жақсы бала ретінде қараңыздаршы!” Америкалық Виктория Маклиннің жұртқа айтқан базынасы осы. Түр-тұлғасы ерекше баланы дүниеге әкелген Виктория болашақта оның өзге балалармен тең болуына көмектескісі келеді.

Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Виктория 1,5 жасар ұлының кинофильм кейіпкеріне ұқсағанын қалайды. Айта кетейік, бүлдіршін Райанның басындағы жағдай “Чудо” фильмінің бас кейіпкері Огги Пулманның басынан өткен. Аталған фильмде сирек кездесетін дертке душар болған бала 5-сыныпта алғаш рет ел қатарлы мектепке барады. Оған дейін Оггиді анасы үйде оқытқан. Ал көшеге шыққан жағдайда бала бетін бүркеп шығатын. Біздің кейіпкеріміз Виктория да болашақта ұлының емін-еркін ел арасында жүргенін қалайды.

Кішкентай Райан Трехар-Коллинз синдромына шалдыққан. Оның бет-жүзі тумысынан өзгеше, ешкімге ұқсамайды. Бұл синдром оған анасынан берілген. Викторияның өзі де осы күнге дейін адамдардың мазағына төзіп келген.

“Ұлым үшін алаңдаймын, оған адамдар қалай қарайды, қоғам қалай қабылдайды. Өзінің ерекше екенін түсінген кезде қандай сезімде болар екен деп уайымдаймын. Адамдар ұлымды жатсынбаса, ал мен оған қиыншылықты жеңуге көмектессем деп армандаймын.

Бұл дерттің ұлыма берілуі мүмкін екенін түсінгенде екі ойлы болдым. Сонда достарым: “Өзіңе қарашы, түр-келбетің сенің бақытты болуыңа кедергі келтірген жоқ”, – деді.

“Чудо” фильмінің кейіпкері бет-жүзін елден жасырып жүреді. Сондықан да адамдар оны көрмейді. Ал мен ұлымды көрсеткім келеді. Оның қаншалықты сүйкімді бала екенін көрсе деймін”, – дейді Виктория.

44 жастағы Виктория өз отбасындағы болмысы ерекше алғашқы адам.

“Мен дүниеге келген кезде ата-анам мұның не екенін білмеді. Ал қазір бәрін ғаламтордан-ақ көріп, білуге болады”, – дейді Райанның анасы.

Виктория бір рет тұрмыста болып, ажырасқан. Алайда ата-енесі онымен араласқысы келмеген, жатсынған.

“Мені алғаш көргенде-ақ үйлеріне келуге тыйым салды. Бұрынғы күйеуім ата-анасының қарсылығы туралы айтқысы келмепті. Біз 12 жыл бірге тұрдық. Бір қызығы, мен ешқашан жеке өмірімде келеңсіздік болады деп ойламаппын. Жалпы өзім күтінуге, жақсы көрінуге тырысамын. Шашымды күтемін, әдемі киімдер киемін”, – деген Виктория ұлының да болашақта ешкімнен ұялмағанын қалайды.

Жіберіп алмаңыз:

Науқас балаларынан шаршаған әйел: Оларға күнделікті тышқанға қарсы дәрі беріп отырған

Масыл болғым келмейді: Обыр дертіне шалдыққан қыз ата-анасынан өзін тастап кетуді сұраған

Әлеуметтік желіден өзі жайлы видеоны көрген 10 жасар қыз өзіне қол жұмсады

Бішкекте орнынан тұра алмай жатқан сәбиді аяусыз тепкен ер адам табылды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар