“Ayumi” тобының ерекше биін жұрт өздері биледі дегенге сенбей отыр (видео)

Бейсенбі, 31 Наурыз , 2016 11:22

Тыңдармандар “Ayumi” тобының “ХэйЛа” атты әнге түсірілген бейнебаянын көрген соң би қимылдарын қыздардың өздері орындамағанын, оларды арнайы мамандар алмастырып, артынша монтаждың көмегімен “бастары қойылғандығын” жарыса айтқан болатын. Алайда топ продюсері Алуа Қонарова мұның жалған екенін тілге тиек етіп, нақты дәлелдер келтірді.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Еліміздегі қыздар тобының қатарын толықтырған “Ayumi” тыңдармандарына “ХэйЛа” атты әндеріне түсірілген бейнебаянды ұсынған болатын. Аталған бейнебаянды көрген тыңдармандар биді қыздардың өздері орындамағанын, барлығы монтаждың көмегімен жасалғанын айтып сынаған-ды. Алайда топ продюсері Алуа Қонарова дәлел келтіріп, биді түгелдей дерлік қыздардың орындағанын айтты.

Бұл туралы “Өзімізге қарсы айтылған сындардың ішінде “Би қимылдарын қыздардың өзі орындамайды. Оларды кәсіби бишілер алмастырады. Ал бастарын тек монтаждың көмегімен қоя салған” деген пікір ақылға қонбайды. Тіпті биді өздері орындайтынына толықтай сендіре аламын. Мұнымен қатар, дәл мұндай ән де, бейнебаян да қазіргі таңда кездеспейді. Мұны стилистикасына, түсірілім эффектісіне қатысты айтып жатырмын”, – деп продюсер қыздарын ақтап алды.

“ХэйЛа” деп аталатын әннің мәтінінде “Тоқтаусыз биле” сөзі жиі кездеседі. Қыздар да осыған сай түрлі би қимылын көрсетуге тырысқан. Мұнымен қатар, бейнебаянға “Ringo” тобының солисі Батыр Байназаров түскен.

Естеріңізге сала кетсек, “Ayumi” және “Ringo” топтарының бір айлық демалыстарын бірге өткізгендері туралы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Билеринде ешкандай бир кыйын элемент корип отырган жокпын. Оздери билеген сиякты менимше.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар