Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айтыскер ақын Айбек Қалиев депутат атанды

От ауызды, орақ  тілді айтыскер ақын Айбек Қалиев Арқалық қаласының мәслихат депутаты атанды.  Бұл туралы ҚазАқпарат-қа ақынның өзі хабарлады.

13624426_1097785400295069_1667569558_n

Айта кетейік,  1992 жылдан бастап айтыс өнеріне келген Айбек Киікбайұлы халықаралық, республикалық айтыстардың  бірнеше мәрте жеңімпазы атанған.

Ақын айтыстарында қоғамның күрделі мәселелерін сөз етіп, терең, ойлы өлеңдерімен халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүр. Айтыстағы еңбегі ескеріліп, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Бүгінгі таңда айтысқа баулып жүрген шәкірттері де республика жұртшылығына танылып қалды.

Жіберіп алмаңыз:

Допинг дауына іліккен спортшыларға қатысты министрлік мәлімдеме жасады

Қазақстандық кәсіпкер боксшы Назым Қызайбайға үй салып берді

Бойы 1 метрден сәл-ақ асатын 24 жастағы жігерлі қыз нәпақасын өзі тауып жүр

Алматы облысының тұрғыны итінің арқасында жаңа “Лексусты” тізгіндеді (видео)

Банк клиенттері өлім аузында жатқан зейнеткердің үстінен аттап кеткен (видео)

Талқылау