Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айтақын Бұлғақов ел тойлауға қарсы шыққан комсомолдың 100 жылдығына газеттің үш бетін арнады

Комсомолдың мерейтойы Алматыда аталып өткеннен кейін еліміздің өзге өңірлері де тойлауға көшкен. Мерейтойды атап өтуге көпшілік қарсылық танытып, қызу талқыға түскен еді. Ал, айтыскер, ақын Айтақын Бұлғақов комсомолдың 100 жылдығына газеттің үш бетін арнапты.

Мойынға қызыл галстук таққан балалар мұның мәнісін пайымдай алған да жоқ. Бұрынғы әміршіл-әкімшілік коммунистік жүйенің жандайшап баласы комсомолдың мерейтойын тойлау қаншалықты қажет? Өткен аптадатәуелсіз елде комсомол мерейтойын тойлаған бір топты екінші топ сынға алып, жерден алып жерге салды, деп жазады Қамшы.

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы аймақта бұл мерейтойды тойлауға қатаң тыйым салған. Ал, Жетісуда “Алатау” газетінің үш беті комсомолдарға арналды. Айтулы ақын Айтақын Бұлғақов басқаратын газетте «Жетісу жастарының көсемдері» деген атпен көлемді мақала шықты.

Мақалада Алматы облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев пен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев та суреттерімен берілген.

«Алатау» басылымы «Алматы –болашақ» акционерлік қоғамы Талдықорған филиалының газетіне тиесілі екен.

Бұрын комсомолда істегендерді «Нұротанмен» қиыстыру қисынға келе ме? Өткен қоғамды қайта жаңғырту кімге керек болды? Не жазсақ та, не істесек те, ойлансақ етті?!

Айта кетейік, Алматы қаласында Лениншіл Коммунистік Жастар Одағының 100 жылдық мерейтойына орай Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрында концерт берілді. Алайда қазақстандықтап бұл іс-шараның ұйымдастырушыларын қатаң сөкті

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау