Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсұлтан Назарбаев қайғының арқасында батылдана түскенін айтты

Айсұлтан Назарбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында өтіп бара жатқан жылға қорытындысын жасады. Президенттің немересі 2015 жылы нені жоғалтып неге ие болды? 2016 жылдан не күтеді?

img.php_

2015 жылдың аяқталуына да аздаған уақыт қалды. Оны қалай жадымызда сақтап қаламыз, ол өзімізге байланысты. Себебі барлық адамдардың өмірі қуанышты және қайғылы жайттардан тұрады. Жүрегімізде, есімізде не қалдырамыз ол – әрбір адамның өз таңдауы.

Бұл жылдың басы – мен үшін қайғылы болды. Кенеттен жақын және туыс адамдардың өмірден озуы – меніңше өмірдегі ең үлкен сынақ. Осындай сәттерде босаңсымау өте қиын, алайда ол маңызды. Бұндай сәттерде қасында жақсы көретін жандары бар адамдар бақыттырақ. 2015 жыл ауыр жыл болғанымен жақсы сәттермен де менің есімде қалды. Қайғы мені батылдандыра түсті. Дәл осы жылы мен өзімнің отанымдағы жақсы көретін футболдың дамуына септігімді тигізе бастадым. Фейсбуктің арқасында мен 14 мыңнан астам жаңа дос таптым, қойылған әртүрлі сауалдарға жауап бере отырып ашылдым, сынды да, қолдауды да, тілектерді де естідім. Көбі бұның қаншалықты маған маңызды екенін елестете алмайды. Сондықтан әрбіріңізге рахмет айтқым келеді.

Әрине, осы жылы ойлаған жоспарлардың барлығы жүзеге асқан жоқ. Ұлттық футболда менің пайда болуым бұл ойынға деген шынайылық пен адал махаббатымды көрсетеді. Сондықтан болар, ресми футболдық лауазымды иеленбей жатып, оның игілігі үшін жұмыс істеп жүргенім. Әрине мен ҚФФ президентіне қатысты шағымдарымды айтқан кезде, мұныммен жыл бойы қазіргі федерация басшысының жұмысына ынталандырушы себеп боларымды білмедім. Алайда шындық үшін мені мыңдаған адам қолдады, 2015 жылдың соңында ҚФФ өткен жылмен салыстырғанда көптеген іс атқарды. Демек біз сіздермен дұрыс жолдамыз! Бұл ҚФФ-ны көбірек жұмыс істеуіне күш салғандардың және федерация қызметкерлерінің жемісі. Мен ол жерде тек бір ғана президент емес екенін жақсы білемін. Ондаған адамдар қорытынды нәтижені шығару үшін күн сайын талмай еңбек етеді.

Әлдекім мені ҚФФ басқару жайлы ойымнан айнып, немесе оған қызығушылығымды жоғалтты деп ойлар. Бекер. Менің 2015 жылым алдағы маңызды қадамыма дайындық болды. Мен өз елім мен футболды тым қатты жақсы көремін, сол себепті екеуіне де пайда тигізуді көздеймін. Алайда бұны 2016 жылға қалдырайық, қазір футбол тақырыбына қолайлы сәт емес, өйткені алда сондай керемет мереке.

Бүгін өзімнің жаңа және ескі достарыма айтқым келетіні: Сіздер барлығыңыз керемет адамсыздар. Осы мереке сіздің отбасыңызды жаңа күшпен біріктірсін, мерекелік дастарқанда қиын мәселелерді талқылауға орын болмасын, тек қана қуаныш және шынайылық болсын! Себебі, онсыз берік отбасының болуы мүмкін емес. Барлықтарыңызға бақыт тілеймін, жақсы сәттерде үміт пен сенім сіздерден алыстамасын!

Иншалла, келер жылы біз тағы да өзіміздің ортақ болшағымыз жайлы және табысқа жету үшін қалай жұмыс істеу керек екенін талқыға салатын боламыз.


Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы, жастық шағы

Талқылау