Айсәуле Бақытбек шетелде жүріп жылаған күндері туралы айтып берді

Айсәуле Бақытбек Лос Анджелесте емес, дәл қазір Алматыда жүр. Бойжеткен не себепті ЖОО-ларды жиі ауыстырғанын түсіндірді. Мұнымен қатар, Дубайдан Америкаға баруына жігіті себепші болғанын айтты.

18095826_744928489014353_4648729209412255744_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

«Менің қай ЖОО-ға түскенімді барлығы жақсы білетін шығар. Себебі, анам әдеттегідей менің үздік журналистерді әзірлейтін Лондондағы университетке түскенім туралы жазған болатын. Артынша Әлішер екеуіміз жазда жолығып, мен Дубайға ауысу туралы шешім қабылдадым. Алдағы уақытта АҚШ-та білім алу үшін Америкалық ЖОО-лардың біріне ауыстым. Біз бастапқыда қашықтықта қыз-жігіт болып жүріп жүрдік. Кейін мен Америкаға барған соң қауыштық. Жатақханада емес, пәтер жалдап тұрдық», – дейді Айсәуле Бақытбек.

Алдымен, Лондон, Дубай, кейін Лос Анджелесте оқыған Айсәуле Бақытбек шетелде қатты қиналғанын айтады. Тіпті, күнделікті сабақты иегере алмай жылаған күндері болыпты.

«Бір жыл Дубайда оқып, артынша Америкаға барған соң қатты қиналдым. «Әлішер, маған көмектес. Мен не істейтінімді білмеймін. Әлемдегі ең қауқарсыз адаммын» деп жыладым. Бірақ, бір жыл ішінде барлығы ретке келе бастады. Тіл меңгеріп, мінезім қалыптасты. Себебі, осы уақытқа дейін үйде ешнәрсе істемейтін, ақсаусақ қыз болдым. Бірінші семестрде эссені әрең жазып жүрдім. Сол себепті, жұмыс істеу мүмкін болмады. Ал оқуымның ақшасын ата-анам төледі», – дейді Айсәуле Бақытбек.

18094832_1961762417385730_7014002011813183488_n

Бойжеткеннің сүйіктісі де қымбат колледжде білім алған екен. «Мен кішкене ғана университетте білім алдым. Ол жерде небәрі 2000 студент оқыған еді. Яғни барлық профессор студенттерін жаңылмай таниды. Сабақтан үш рет қалсаң, оқудан шығып кетуің мүмкін. Бір жерде ұйықтап, демала тұру деген жоқ», – дейді Әлішер мырза.

Айсәуле Бақытбектің сүйіктісінің оқуының ақшасы 12 075 АҚШ долларын құрайды екен. Жатақхана бөлмесіне аптасы 375 доллар, оқу құралдары 90 доллар, қосымша сабақ 70 доллар, ағылшын тілінің курстары 400 доллардан басталады. Яғни оқудың бір жылдық ақысы 40 мың АҚШ долларын құрайды.


Жіберіп алмаңыз:

Айгүл Иманбаева: Жалғыз ұлымды оқыта алмасам, өмір сүргенім бекер шығар

Гүлзира Айдарбекова: Бірден бөлек шыққан келін қонақ секілді болады

Айгүл Иманбаева: Сәбит ұлының алдындағы борышын толықтай өтеп келеді

Нұрлан Албан 6 тұрақты жұмысы бар екенін айтып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар