Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек: Кей екіжүзді адамдар желіде орамал таққан суретін жариялап, шелпек әзірлегенін жазады

Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек балағат сөздерге қатысты өз пікірін айтып, неліктен кейде бейәдеп сөздерді қолданатынын түсіндіріп берді.

Айсәуле Бақытбек

Бұл туралы Айсәуле Бақытбек GAKKU TV арнасының «Если честно» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бейәдеп сөздер керемет, бәріміз қолданайық деп айта алмаймын. Алайда көпшіліктің оған деген көзқарасы дұрыс емес. Бейәдеп сөздердің тіліміздің бір бөлігіне айналғанын түсіну керек. Кез-келген адам бұл сөздерді қолданады. Себебі кейде оларды қолданбау мүмкін емес, яғни кей заттарды өз атымен атау керек. Бұл шындық. Бәрі солай сөйлейді», – дейді Айсәуле Бақытбек.

Сондай-ақ, Айсәуле қандай адамдарды екіжүзді санайтынын айтты. Бойжеткеннің сөзінше, екіжүзді болғаннан гөрі, балағат сөздерді қолданғаны әлдеқайда жақсы.

«Мен екіжүзді болғаннан гөрі, әрдайым шынайы болуды дұрыс көремін. Кей екіжүзді адамдар желіге орамал таққан суретін салып: «Мен бүгін шелпек әзірледім», – деп жазып жатады. Мен мұндай екіжүзді адамдардың бірқатарын танимын. Оларды көргенде, тіпті амандасқым келмейді. Сондықтан, кей жерде балағат сөз айтып, кей жерде бұрыс жасағаным жақсы. Есесіне мен шынайы, өзім болып қаламын», – дейді Айсәуле Бақытбек.

Оқи отырыңыз:

Ең қымбат әнші Қайрат Нұртас: Қазақстандық әншілер бір тойдан қанша ақша алады

Жанболат пен Жазира балалы болуға ниеттеніп жүргендерін айтты

Тележүргізуші: Өмірдегі Сәуле ұнамай жатса, экрандағыдай Ақжүніс болуға міндетті емеспін

Асанәлі Әшімов: 17 жасымда оқуға емтихан қабылдаған профессор маған ауыл шаруашылығына бар деген еді

Талқылау