Асанәлі Әшімов: 17 жасымда оқуға емтихан қабылдаған профессор маған ауыл шаруашылығына бар деді

Ақтөбедегі «Жұбановтар әлемі» орталығында ҚР халық әртісі Асанәлі Әшімов, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Татьяна Бурмистровамен кездесу болды.

Асанәлі Әшімов

Асанәлі Әшімов оқуға түсір кезде Ахмет Жұбановтың бір ауыз сөзі көмектескенін айтып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбеге келген Асанәлі Әшімов Кеңес Одағы кезінде Ақтөбенің әр ауданында театр гастролі мен кино кездесуін жасағанын еске алды.

«Ахмет Жұбановтың тәрбиесін көрдік десек артық емес. Маған сабақ берген жоқ. Дегенмен өзінің жүріс-тұрысымен, сөйлеген сөзімен үлгі алған ұстазым деп есептеймін. Мен консерваторияға оқуға түсуге келгенде комиссия мүшесіндегі төрт адамның бірі Ахаң болатын. Ол кезде 17 жаста едік. Кіріп келгенде Ахаңды таныдым. Монологты оқыдым. Қолды сілтеп, бірдеңе көрсеткендей болдым.

Кейбір жерінде жаңылысып қалдым. Содан кейін шетте отырған қазақша айтқанда «көзі соқырлау» біреу отырды. «Бұл бала ауыл шаруашылығы институтына келген екен, агроном болуға, соған оқи берсін» деді. Екіншісі бірдеңе айтты. Үшіншісі «бала жас қой, үйренеді ғой» деді. Бірінші соқыр дегенім Бекен Жылысбаев екен. Ал үшіншісі Ахаң болды. Сол сөзімен алдарыңызда отырмын», — деді Асанәлі Әшімов.

Кейін Ахмет Жұбановтың бір ауыз сөзі өзінің тағдырын шешкенін айтып берді. Кездесу кезінде Ғазиза Жұбанованы да еске алды.

«Ғазиза Жұбанова — ұлы композитор. Балаларын да білемін, араластым. Өскен, өнген отбасы. Құтты қадам орынға келіп, бас киіп, тағзым етіп отырмыз. Тарих деген осы. Ертең біз кетеміз, бізден кейін балалар келеді. Балалар біздің орнымызды басса, біз бақыттымыз», — деді Асанәлі Әшімов.

Тағы оқыңыз: 

​Асанәлі Әшімов: Қазақстан Димаш үшін таршылық етеді

Серікбол: МС Сайлаубекпен шатастырған әжей “арағыңды қойып, толып қалыпсың” деп мақтап тұр

Қатты уайымдады: Ділназ Ахмадиева ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі балалардан кешірім сұрады

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар