Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек еліміздегі беделді оқу орнын жемқор деп айыптады

Айсәуле Бақытбек еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірін жемқорлыққа жол беріп отыр деп айыптады. Айтуынша, Қазақ Ұлттық университетінде оқитын таныстары сабаққа бармайды, алайда соған қарамастан білім алуды жалғастырады. Тіпті, оқу орнының бетін көрместен, диплом алып жатқан студенттер жетерлік екен.

Бұл туралы Айсәуле өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Елімізде жемқорлыққа жол бермейтін университет ҚазҰУ деген жаңалықты оқыдым. Мен ешқашан аталған оқу орнында оқымағанмын. Бірақ Ұлттық университеттің кемі 20 студентін танимын. Сабаққа мүлдем бармайды. Оларды бұл үшін кінәламаймын. Егер азаматтық ұстаным мүмкіндік берсе, мен де сабаққа мүлдем бармас едім. Сабаққа бармай, диплом алудан кім бас тартсын?!” – дейді бойжеткен.

Айсәуленің айтуынша, елімізде барлық сала қызметкерлері пара береді және пара алады. Тіпті, жемқор болу үшін бай болу маңызды емес, дейді Баян Алагөзованың тұңғыш қызы.

“Дәл осындай жағдай қаладағы ең жемқор емес университетте, ауруханаларда, мектепте, тіпті полицияда… Бізде барлық жерде сондай. Қай салада болмасын, барлығы пара береді және алады. Себебі адамдар өзгерісті қалайтынын тек ауызбен айтқанды ұнатады. Ал бірақ ешкім өзінен бастағысы келмейді”, – дейді Айсәуле.

Өзгерісті өзімнен бастаймын! Алагөзованың қызы өзгелерге қарап өзі үшін қандай шешімге келгенін жасырмай айтты.

“Өз Отанымда ешқашан ешкімге пара бермеймін және алмаймын деп шешім қабылдадым. Себебі мемлекет сенің өзіңнен басталады. Мемлекетті өз игіліңе пайдалану үшін қызмет етсеңіз, сіз барып тұрған “қоқыссыз”. Айтпақшы, “қоқыс” демекші, полицейлерден артық пара сұрайтын адамды көрмедім. Бұл туралы кейінірек…

Егер ұялатын іс жасамасаңыз, бұл жазбамды елемейсіз. Әрине, бірнеше мәрте адал заң қызметкеріне кезіккенімді жасырмаймын. Бірақ 100 полицейдің тек бірнешеуі пара алмайтыны өкінішті”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Керімбекова ер жетіп қалған ұлдарын көрсетіп, жұртты сүйсіндірді

Қайрат Нұртас төрт баласымен бірге концерт қойғалы жатыр

«Бастау» тобы Ригада өткен халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Гүлзира Айдарбекова: Қыз бала жағдайыңның бәрін жасап, жан-жақты қамтамасыз етеді

Талқылау