Айсәуле Бақытбек әкесінің жағдайын білуге жиі бармауының себебін ашып айтты

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевқа неліктен жиі бармайтынын ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Айсәуле Бақытбек әкесінің жағдайын білуге жиі бармауының себебін ашып айтты

Айсәуленің айтуынша, түрмеге тек белгіленген тәртіп бойынша баруға болатындықтан, әкесіне жиі бара алмайды екен.

«Әкеме жиі барып тұрмаймын. Себебі жиі баруға болмайды. Уақытша ұстау изоляторына күнде баратынмын. Ал түрмеге белгіленген тәртіп бойынша ғана барамын», – деп жазды Айсәуле Бақытбек Instagram-парақшасында.

Есте болса, 2016 жылдың қарашасында Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімі шықты. Баян Есентаеваны соққыға жығып, оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер қолданғаны үшін Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан кейін Есентаев өзінің кінәлі емес екенін айтып, аппеляциялық шағым түсірді. Баян Есентаева да сотқабұрынғы күйеуінің жазасын қайта қарау туралы өтініш білдірді. Одан бөлек, қазақстандықтар Бақытбек Есентаевтың жазасын жеңілдету үшін петиция ұйымдастырды. Дегенмен көптің талпынысы нәтижесіз қалып отыр.

Оқи отырыңыз:

Отандық жұлдыздар фонограммаға қатысты өз ойларын ашық айтты

Гүлзира Айдарбекова 50 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Менмендік көрсетпеу керек: Әріптестері Төреғалиға павлодарлық қарияны тауып алуға кеңес берді

Жүрегім қарс айырылды: Қарақат лифтіге қысылып көз жұмған тележүргізуші туралы естелігімен бөлісті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар