Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда құжатсыз қалған Айқын елге қалай оралғанын айтып берді

Таяуда отбасымен бірге Еуропада сапарлап келген Айқын басынан өткен жағымсыз жайтты баяндады. Әншіні Барселонадағы сауда орталықтарының бірінде тонап кеткен. Сондай-ақ, Испаниядағы мейрамханалардың бірі Айқынды кіргізбей қойған.

Айқын

Мұның себебін әнші “Түнгі студия” бағдарламасында түсіндірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Барселонада жүргенде кәдімгі “Мега” сияқты сауда орталығы. Барлық жерде камера, жан-жағыңда адамдар жүр. Бізде мысалы, ондай жерде ұрлық жасалады деп ойламайсың. Ал ондағылар “кәсіби” ұрылар. Олар туристерді аңдып жүреді екен. Жай қасыңнан өтіп бара жатып, су шашып, кешірім сұрап сүртіп әуреге түскенде, екіншісі жаймен ұрлап кетеді.

Маған бір “шорты” ұнап қалды, өлшемі бар ма деп аузым ашылып тұрған кезде ішінде паспорт, ұялы телефон, жалға алған көліктің кілті, баланың тамағы – бәрі кетті. Қайта менің жолым болып, анда-мұнда звондап, елшіні тауып алдым. Ол “қобалжымаңыз” деп полицияға шағым түсіру керектігін айтты.

Полицейлер берген қағазбен елге қайтатынымды ескертті. Негізі Испанияда жағажайға сөмкеңді қалдырып, суға кетсең болды, бәрінен айырыласың”, – деген әнші Еуропаға баруды жоспарлап отырған жерлестерін алдын ала ескертті.

Сондай-ақ, Айқын Испаниядағы қымбат мейрамханалардың біріне кіре алмаған. Алдын ала жазылып, ақшасын төлесе де, ерекше дәмханадан дәм тата алмаған. Себебі:

“Шортымен барғаным үшін кіргізбеді. Қарасам, қыздар тәпішкемен, неше түрліні киіп кіріп жатыр. Сөйтсем нақты ер азаматтарға қойылған талап”, – деп түсіндірді Айқын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау