Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын Төреғалидің әнін «ұрлап» алды (видео)

Танымал әнші Айқын Төлепберген Төреғали Төреәлі мен Фарида Жолдасованың орындауындағы «Қыдырып қайтайық» әнін орындап жүр.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Төреғали Төреәлі Астанада концерт берген еді. Онда эстрада жұлдыздары Ұлы дала баласының әндерін орындаған болатын. Солардың бірі – Айқын Төлепберген.

Айқынға Төреғалидің «Қыдырып қайтайық» әнінің ұнағаны соншалық, қазір ол өз концерттерінде аталмыш әнді орындап жүр екен. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.

«Төрештің концертінде осы әнді орындаған болатынмын. Туынды көңілімнен шығып, әнді ұнатып қалдым. Төреғали мен Ұлықпан ағаның рұқсатымен өзімнің концерттерімде орындап жүрген жәйім бар», – дейді Айқын.

Одан әрі әнші Төреғали Төреәлі мен Ұлықпан Жолдасовқа алғыс айтып, тыңдармандардан, неге екені белгісіз, кешірім сұрады!

Желі қолданушылары екі тарапқа бөлінді. Олардың бірі бұл әнді Төреғалидің ғана орындағанын дұрыс деп тапса, екіншілері Айқынның орындауындағы нұсқасын ұнатқан.

Гүлдана есімді желі қолданушысы: «Маған Айқынның айтқаны қатты ұнайды, күліп, көңілді етіп айтады. Жанды дауыстағы әндері де керемет», – деп жазса, Мөлдір есімді оқырман: «Жақсы айтады, рұқсат алса Айқынның орындауында тыңдап жүре берейік», – деп пікір білдірген.

Алайда Гүлдана мен Мөлдірге қарсы пікір айтқандар: «Айқын да жақсы әнші, бірақ бұл әнді өз орындаушысы жақсырақ айтады, шындықты мойындау керек», «Кешіріңіз бірақ Төреш сияқты айта алмайсыз. Төреш өзінің әндерін нақышына келтіріп айтады, сіз өз әндеріңізді айтып, мына әнді қозғамағаныңыз абзал», – дейді.

 

Жіберіп алмаңыз:

Төреғалиді айыптаған Бүркіттің жаңа әні плагиат болып шықты

Төреғали “миллионер” атанғанын жұртқа өлеңмен жеткізді

Әріптесін сынаған Төреғали Төреәлі тағы кімді ренжітіп алды

Айқын желі қолданушыларын «алдады»

Талқылау